Экзетер колледжінің Медиа Департаменті мен Ұлыбританияның Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік қызметі  (NHS) оқу жоспарының бірлескен жаңа моделін әзірледі. Бұл модельдің міндеті студенттерге индустрияның тиісті саласында жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларға оқытып, үйретуді көздейді, сондай-ақ Ұлыбританияның Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік қызметінің қызметкерлерге деген қажеттіліктеріне сай келетін болады. 

Егер де сіз мыналарға қызықсаңыз, бұл оқу бағдарламасы сізге арналған:

  • Оқу жоспарларын әзірлеу
  • БАҚ және  медиа саласындағы білім беру
  • Жұмысқа орналасу
  • Жергілікті телерадио хабарларын тарату
  • Білім беру мекемелері мен бизнестің ынтымақтастығы

Бұл жерде сіздер зерттеуден біле алатын жайларға қысқаша шолу бар:

Жоба шеңберінде нені жүзеге асыру жоспарланған және неге

Жоба шеңберінде шаруашылық шарттары жұмыстары арқылы оқу жоспарларын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бейімдеуге байланысты проблемаларды зерттеу жоспарланған 

Атап айтқанда жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  • коммерциялық жобаны басқарудағы тьютор рөлін түсінуге;
  • студенттің кәсіптік ортаға кірігуі, бұл ретте олардың оқуы табысты және клиент жоғары сапалы сервис алып отырғанына көз жеткізу қажет;
  • студенттердің күткен нәрселері мен  клиенттер талаптарының байланысты болуын;
  • нақты индустрия қажеттіктері мен медиа саласындағы білім берудің бағалау критерийінің келісілуі  

Жобаның қазіргі кездегі жетістіктері

Студенттердің, тьюторлар мен клиенттердің пікірлері жиналып, бағаланды. Солардың негізінде бірқатар ұсынымдар әзірленді. Жоба нәтижелерін мыналардан көруге болады: 

  • студенттердің нақты жұмыс арқылы оқудың пайдасы туралы оң пікірлерінен;
  • жоба барысында туындаған бірқатар жаңа әзірленімдер жасалғаны туралы ұсынымдардан   (келесі  секцияларда сипатталған). 

Жобаның бұдан арғы қадамдары

Жоба бірқатар әзірленімдер жасалуына алып келді, оларда мыналар қамтылған:

  • Медиа Академияға арналған ұсыныс, оны қазіргі кезде колледжде қарастырып жатыр. Осы ұсыныстың шеңберінде  студенттердің  клиенттердің тапсырыстарын орындау үшін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында жұмыс істеу мүмкіндігі болады.  
  • 5 және 4 деңгейдегі білім беруге арналған оқу жоспарының осындай моделін әзірлеу үшін 10 000 фунт стерлинг көлеміндегі грантқа мақұлданған өтінім   (Плимут Университетімен ынтымақтастықта). 
  • басқа әзірленімдер толық есепте берілген. 

Оқудың түйінді сәттері

Бұл зерттеу көп ой салды. Оқыту сәттерінің толық есептен табуға болатын кейбір сәттері мыналар:

  • Студенттерге идеяларын қалыптастырып, түзу үшін көмек қажет болуы мүмкін. Олар көп жағдайда  коммерциялық жинақтарды бітпейтін қарбалас деп қабылдайды, тап осы жерде оларға көмек керек. Олар бұларға  инновациялық қызмет тұрғысынан қараулары керек : идеяның қалай ойластырылғанына емес,  оның қалай жүзеге асырылып жатқанына назар аудару керек. 
  • Кейбір студенттердің егер олардың жұмысы қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты болса ғана ынтасы болатыны бар, ал басқа біреулері бағаға әсер етпейтін жұмысқа кірісуге дайын болады.Бұл ретте барлық студенттер де өздерінің өндірістік ортада жүзеге асырылған  қызметтері үшін жақсы баға алғылары келеді  
  • Медиа-индустрияның нақты ағымдағы жобаларының айналасында құрылған бұл оқыту нысаны тьюторлар мен енді  студенттердің академиялық қажеттіліктерін есепке алу және клиенттің коммерциялық талаптарын біріктіретін  қосалқы қызметкерлердің рөлін өзгертеді.   Жұмыстың бұл толқытатын кезеңі адамдармен тығыз байланыс жасамай және келіссөздер жүргізбей өтпейді. Кейде бұл жұмыс өте күрделі және тьютор рөлі клиенттің мұқтаждықтарына қайшы келген жағдайда тіпті проблемалы болады. 

Оқу жоспарын жасау бойынша толық зерттеу студенттердің   пікірлері бойынша қорытындыларды, сондай-ақ курстың, егер сіз өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жобалайтын болсаңыз пайдалы болуы мүмкін, қысқаша мазмұнын  қамтиды.

Сыртқы сілтемелер