Колледждің жұмыс беруші Swissport Ltd. авиация компаниясымен ынтымақтастығы тақырыбы бойынша Крейвен колледжі ірі зерттеу жүргізді. "Оқыту: Математикадан оқу жоспарын өзектендіру" жобасының мақсаты - жұмыс берушілер мен булум беру мекемелерінің арасындағы ынтымақтастықтың түрлі модельдерін практикалар, өздерінің бірлескен әзірлемелері, кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және бағалау деңгейінде зерттеу және бағалау.  

Зерттеудің толық мәтінімен кейінірек танысуға болады, ал мына жерде сіздерге одан қысқаша шолу беріліп отыр:

"Оқыту: Математикадан оқу жоспарын өзектендіру" жобасы өндірістегілерге оқу бағдарламасын әзірлеу, оқытушылардың кеңес беруі, оқу бағдарламаларын жаңарту мәселелері бойынша нұсқаушыларды, оқытушыларды өздерінің жұмыс қызметіне тарту арқылы  жұмыс беруші мен білім мекемесі арасында ынтымақтастықтың нақты тетіктерін орнатуға ынталандыруды көздейді.  Крейвен колледжі жүзеге асырған бұл жоба студенттерді өздерінің нақты индустриядағы болашақ мансабында математиканың қаншалықты маңызды екенін түсінудіруге және соған сәйкес келетін дағдыларды ынталандыруға ұмтылады. Оқу бағдарламасын жасаушылар мен Swissport Ltd қызметкерлерінің бірлескен жұмысының шеңберінде ұшу аппараттарының жүктемелерін реттеуге қатысты қолданылатын математикалық дағдыларды дамытуға бағытталған оқу бағдарламасы әзірленді.  

Жобаның мақсаттары:

  • Жұмыс берушімен  ""Математика"" пәні бойынша индустрия талаптарына сай келетін және жұмыс берушілер мамандарды өз күштерімен дайындауды жүзеге асыра алу үшін олардың педагогикалық дағдыларын дамытатын оқу материалдарын әзірлеу бойынша жұмыс істеу.   
  • Авиация бағыты бойынша оқып жатқан студенттердің болашақ жұмыстары үшін және олардың дайындығы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес болуы үшін  математикалық дағдыларын дамыту.   
  • Студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру
  • "Оқыту: Математикадан оқу жоспарын өзектендіру" жобасының тәжірибесін тұтастай алғанда  авиация секторына енгізу және   Колледждің математика кафедрасына енгізу.

Зерттеу жобаның толық сипаттамасынан, жобаны іске асыру нәтижесінде  қол жеткізілген оң әсер, сондай-ақ колледж бен жұмыс беруші қалың жұртшылыққа жария ету қажет деп тапқан оқытудың түйінді сәттерін қамтиды. 

Сондай-ақ сіздер жобаға қатысушы  оқытушылар мен жұмыс берушілер оны жүзеге асырудың артықшылықтары туралы айтатын шағын бейнежазбаны көре аласыздар. 

Сыртқы сілтемелер