Лидс Сити колледжінің тез өзгеретін жергілікті нарықтың сұраныстарына қатысты оқыту жоспарын бейімдеу бойынша тәжірибесімен таныс болыңыздар. Оқыту бағдарламасын құру және талдауға қажет инновациялық инструменттер үшін Жергілікті Еңбек Нарығын сараптау (ағылш.Lokal Market Intelligence6 LMI) қажеттілігі туралы айтылады.  

Кітапшада бүгінгі және болашақ еңбек нарығының талаптарына жауап беретін икемді оқыту жоспарын құру үшін, Колледждің Жергілікті Нарықты Саралауға (LMI) қатысты тәсілдері ашылған.  

Кітапшада Колледждің оқыту жоспарындағы жасаған инновациялары жәйлі мысалдар келтіріліп, көрсетілген. Жобаның негізгі бөліктері жәйлі қысқа тізімді келтіреміз: 

Жобаның оқыту бағдарламаларын құруға байланысты қысқаша кіріспесі мен үзіндісін келтіреміз. Толық зерттеуге қатысты  сілтеме осы жерде.  

Колледж стратегиясы

Лидс Сити колледжінде 40000-нан астам студент оқып, 1300 қызметкер жұмыс жасайды. Бұл елдегі кәсіптік білім беру саласындағы ірі оқу орындарының бірі болып табылады. Осындай көп мөлшердегі адам санын және аймақтың экономикалық белсенділігін ескере отырып, Колледждің табысты жұмысы үшін, мұқият ойластырылған стратегия керек екені анық. 2015 жылдың қазан айында мекеме басшысы болып тағайындалған күннен бастап, Колин Бут осы бағытта еңбектеніп келеді. Білім алудың Стандарттарын бақылау кеңсесі Колледж Стратегиясын "стандарттарды жетілдіруге арналған мәдени өзгерістер бағдарламасы ретінде, студенттердің оқыту сапасына қатысты қанағаттанушылығын өсірген  және оқушылардың кәсіби дамуына оң ықпал жасаған бағдарлама" ретінде танып отыр. Бес жылдық стратегиялық жоспар Колледж жоспарын енгізіп отыр, ол мынадай:  

  • жеке траекториялық оқыту бойынша жоғары сапалы білім беру, студенттер ынтасын көтеру және жетістікке жету жолдарын қалыптастыру. Тиімді серіктес қарым-қатынастар жасау
  • тиімді серіктестік қатынастар құру және кәсіптік білім беруде және өндірістен қол үзбей оқытудағы жетекші қызмет көрсетуші абырой-беделін жинау 
  • жергілікті және өңірлік нарықтардың жұмыс күшінің белгілі бір дағдыларына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өнімдер мен қызметтер көрсету  
  • білім беру саласындағы басымдықтарды белгілеуге арналған коммерциялық мүмкіндіктерді іздестіру үшін инновациялық шешімдерді қолдану 

Оқу жоспарын жоспарлау

 Analyst өндірістік оқытуын қолданудың айқын тәсілдерінің бірі оқу бағдарламаларын жоспарлау функциясы болып табылады, өйткені бұл құралдың оқу бағдарламаларын жоспарлайтын арнайы функциясы бар.  Болашақта бюджеттің қысқару ықтималдығын ескере отырып, колледж бұл деректерді оның жұмыс орындарымен, нарықтық ахуалмен және болжалды өзгерістермен сәкестігіне қатысты ағымдағы оқу жоспарына талдау жасау үшін пайдалануды көздеп отыр. Бұл қай жерде сәйкестік бар, қай жерде кемшілік бар, тиісінше колледж қай бағытта жұмыс істеуі керек және оқу жоспары қазіргі және болашақтағы нарықта кадрлардың белгілі бір дағдыларына деген сұранысқа бейімдеу үшін оны қалай өзгертуі керектігін ойластыруына көмектеседі.

Зерттеу кәсіптік білім беру саласындағы басқа да көптеген тақырыптарды қамтиды, мысалы:

  • Өңірдің нақты кәсіптік дағдыларды игерген қызметкерлерге деген қажеттіліктерін айқындайды
  • Бизнес-жоспарлау және тендер өткізу
  • Жұмыс берушілердің қатысуы
  • Өндірістік практика
  • Маркетинг және жұмыс күшін жалдау

Сыртқы сілтемелер