Біздің "Кәсіптік білім беру" журналымыздың жұмыс істегеніне жарты жылдан астам уақыт өтті (оның мазмұнымен танысыңыз). Енді біз сіздермен, яғни оқырманмен өзара іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейткіміз келеді: жұмыс ағымындағы жағдайлар жәйлі біліп, сіздер кезігіп отырған мәселелермен танысып, осыған сәйкес нақты кеңестер ұсынғымыз келеді.  

Келесі айдан бастап журналда "Дағдылар бойынша сарапшы" атты айдар ашылады.

Мұнда сіздер кәсіптік білім беру және оның дағдылары туралы кез-келген қырынан сауал жолдап, ал осы саладағы мамандар сіздерге пайдалы кеңестер мен дайын шешімдер тұрғысынан барынша көмектесуге әзір. 

"Дағдылар бойынша сарапшы" деген не?

Бұл өте оңай: Әр ай сайын нақты дағды бойынша сарапшы оқырмандардың сұрақтарына жауап береді, ол түйткілді мәселелерді шешуге байланысты кәсіби кеңестер береді. Осылайша жұмысқа орналасудың дағдылары мен мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектеседі.

Сауалды қалай қоюға болады?

Сіздер сауалды осы жерде қоя аласыздар.

Әр ай сайын редакциялық кеңес бірнеше сұрақты таңдап, оған журналдың келесі санында маман жауап беретін болады. Ай сайынғы ақпараттық бюллетеньді алу үшін оған жазылып қойғаныңыз жөн. Осылайша сізді қызықтырған сауалдардың жауабын білетін боласыз. 

Қаңтар айында Гринвич Университетінің сарапшы маманы Трэйси Партридж курсты оқыту аясында студенттердің академиялық нақты сұраныстарын қалай қанағаттандыру керек деген сіздердің сұрақтарыңызға жауап беретін болады.   

Біз сіздердің сауалдарыңызды күтеміз!