Ұлыбританияның білім беру секторында цифрлық технологияларды ілгерілету бойынша жұмыс істейтін JISC ұйымы түрлі білім мекемелеріндегі оқу бағдарламаларының инновациялық технологиялық құрауышын енгізу әдістері бойынша тақырыптық зерттеулердің  жинағын ұсынды, олар оқыту және үйрету сапасын арттыруға көмектеседі.

Біз Ридинг колледжінің нақты бір зерттеуін қараудамыз және соның негізінде сіз сабақтарда цифрлық технологиялардың сіздің пайдаңыз үшін жұмыс істеуін қалай жүзеге асыру керектігі жөнінде ұсыным береміз.

  • Технологияларыңызды студенттерге бағыттаңыз: студенттер технологияны қабылдауы үшін олардың аудиториядан тыс жерде цифрлық технологияларды қалай пайдаланатынын білу керек. Олар Google Chrome-ды пайдаланады ма? Олай болса, сіз де сабақтарда Google Chrome-ды пайдаланыңыз. Студенттер сіз енгізген жаңалықты жатсынбайды да бейімдеу процесі оңай өтеді.
  • Студенттерге технологияларға меншік құқығын беріңіз - контентті Бұлттарда араластырып жіберіңіз.  Бұл студенттердің өз жұмыстарына ие екенін сезіне отырып, бірлесе оқуына,бір-бірімен кез келген уақытта, кез келген жерде және кез келген құрылғыдан  идеялармен, ресурстарымен алмасуына мүмкіндік береді.
  • Өздеріңіздің оқытушылық құрамның сенімділігі мен дағдыларын дамытыңыз: интернет арқылы, сондай-ақ жеке байланыс арқылы үздіксіз кәсіптік даму (CPD) мен тағылымгерліктің маңызы зор. Ридинг колледжі жүйелілік қағидатын сақтау мақсатында қызметкерлерді бағалау негізінде өзінің үздіксіз кәсіптік даму бағдарламасын қалыптастырды.
  • Қызметкерлерді технология курсынан хабардар етіңіз: "Қызметкерлерге технологияларды модельдеу, кәсіптік даму бойынша шағын сабақтар, кәсіптік даму бойынша онлайн курстар, ашық сабақтар мен тағылымгерлік технологиялары ұсынылады. Бұл олар үшін оқыту тәжірибесі студенттерге берілгендей әрқайсысына жеке болуы үшін керек",- Ханна Тайрман, Ридинг колледждің қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі менеджері. 
  • Қарым-қатынас жасаудың және оесурстарды бірлесе пайдаланудың түрлі құралдарын ұсыныңыздар: Рилин Колледждің оқытушылар құрамы мен студенттер енді өзара қарым-қатынас жасау, ресурстармен алмасу, тапсырмалар беру және орындау және студенттерге қорытынды бағаны хабарлау үшін Gmail, Google Classroom, Google Hangouts,   Google Plus және Google Docs қауымдастықтарын қолданады. 
  • Болашақтың технологияларын қазір пайдаланыңыздар - Google Glass тұғырнамасы оқушылардың слесарь-су құбыры ісі және кейтеринг сияқты салалардағы жетістіктерін көрсету үшін өте ыңғайлы болып шықты. Студенттер бейне танысу және бағалау үшін, сондай-ақ жұмысты орындағанын көрсету үшін  материалдарын өз аккаунттарына салады.
  • Қызметкерлер Google Classroom Android және Apple қосымшасында "Өз девайсыңды әкел" тұжырымдамасын (BYOD) тауып алды, бұл өздеріне студенттермен ресурс алмастырып, тапсырма алуларына және студенттермен уақтылы кері байланысты қамтамасыз етті. Электрондық почтамен автоматты түрде хабар беріп тұру студенттерді қосымшада не бар екендігінен хабардар етуге мүмкіндік береді. Қосымша Android және Apple құрылғылары үшін қолжетімді, ендеше басқа құрылғылардан да оңай қол жеткізуге болады", - Джеймс Кифт, оқыту технологиялары жөніндегі менеджер, Ридинг Колледж
  • Мүмкіндігі жоқ адамдарға оқу кеңістігін жасаңыздар: Өзінің гаджеті жоқ адамдарға немесе басқа да себептермен оны сабаққа әкеле алмайтындарға қолжетімділікті қамтамасыз етіңіздер. Ридинг колледжінде ноутбуктар мен iPad  планшеттері бар оқу кеңістігі бар, студенттер оларды уақытшы пайдалану үшін ала алады.

Бұл жаңа әдіс оқытуға қандай өзгерістер әкеледі?

 Ридинг колледжінде бұлттағы технологиялар арқылы оқытуға көшу оқу процесіне бірқатар күшті өзгерістер әкелді деп санайды:

  • цифлық ғасырда туған жас ұрпақтың тілектері орындалды
  • студенттер өздерінің оқулары үшін жауапкершілікті өз мойнына алады
  • студенттердің бір-бірімен, оқытушылармен және жұмыс берушілермен өзара қатынастарының тәсілі өзгерді
  • студенттер аудиториядан тыс жерде кез келген құрылғының көмегімен жұмысқа кіріге алады
  • студенттерді бір-бірімен ынтымақтастыққа үйретеді
  • студенттер контингентін және олардың сабақ үлгірімін бұрынғыдан әлдеқайда жылдам кері байланыс және қолдау арқылы ұстап тұру 

Сыртқы сілтемелер