Кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің көпшілігі үшін оқудың нәтижесі жұмысқа тұру болуы керек. Сондықтан да мектептер мен колледждер өздерінің оқыту бағдарламаларына кәсіптік тағылымдаманы қосқаны жөн. Бұл студенттерге практикалық дағдыларды игеруге ғана мүмкіндік бермей, болашақта олардың жұмысқа орналасуына көмектесетін кәсіптік байланыстар орнатуға да мүмкіндік беруі мүмкін.

Salford City College (Солфорд қалалық колледжі) бұл салада британиялық Career Ready қайырымдылық ұйымымен ерекше табысты ынтымақтастық жасайды.

Колледж студенттердің болашақтағы қызметіне көмектесетін бірнеше Career Ready курсын әзірлеген. Курстар шеңберінде студенттер бизнес-тәлімгермен жұмыс істейді және ақы төленетін алты апталық тағылымдамадан өтеді.

Eighteen-year-old Zubair Rana from Cheetham Hill at his work placement at ITV.
Accounting student Thomas Brooks with his mentor Paul Hutchings, from Salford City Council.

Тәлімгерлер еріктілік негізде студенттердің оқуына, соның ішінде тапсырмаларын және тағылымдамадан өтуге өтінімді дайындауға көмектеседі, және оларға мансап жолын құру бойынша мүмкіндігінше кеңес береді. Сондай-ақ студенттер өз тәлімгерінің жұмыс орнына барады. 

Lloyds Banking Group-тан келген тәлімгер Аманда Вудпен жұптаса жұмыс істеген, бухгалтерлік есеп курсы студенттерінің бірі былай дейді: «Мені банк ісі әрқашан да қызықтыратын, сондықтан да Аманданың маған тәлімгер болғаны өте қуантты».

Career Ready курсы нәтижелерін қазір-ақ көрсетуде.

Британиялық ITV телеарнасындағы алты апталық тағылымдамадан кейін студенттердің бірі, ол әлі оқуын жалғастыратын болғандықтан, толық емес күнге жұмысқа шақырылды.

Ол: «Маған ITV-да жұмыс істеген ұнайды. Бұл тамаша беделі бар өте танымал бренд. Мен оқуымды аяқтаған соң жұмыс іздейтін кезде ITV-да істеген тәжірибем менің резюмеме үлкен салмақ қосатын болады» дейді.

ITV –дағы бизнес қызметтер көрсету орталығының атқарушы үйлестірушісі Тина Пайпер  бұл студент туралы былай деп әңгімелейді: «Тағылымдамадан өтушінің алты апталық тағылымдама кезінде команда мүшесіне айналып, тәжірибе мен білім жинақтап, өзінің күшіне деген сенімі артып келе жатқанын көру жақсы әсер етті. Біз оның оқуын аяқтағанша бізбен жұмыс істейтініне қуаныштымыз».

Salford City College өкілдері студенттер үшін кәсіптік тағылымдамаларды ұйымдастыру олардың оқуда мұқият болып, болашақ жұмысына дайындалуына көмектеседі деген қорытындыға келді.

Salford City College ұсынатын Career Ready курстары туралы мына сілтеме бойынша оқыңыздар