Зерттеуші Қазақстандағы   кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге үміттеніп, әртүрлі елдерде қолданылатын инклюзивтік білім беру әдістемелеріне талдау жасайды.

Арман Асанбаев, Назарбаев Университет докторантурасының студенті, барлық жауапты тұлғаларды, мектептер мен колледждерді көру қабілеті бұзылған ересектер үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырады. Арман бізге өзінің зерттеуі туралы айтып беруге келісті. 

Өзіңіздің зерттеуіңіздің басты мақсатын түйіндеп айта аласыз ба?

Зерттеудің мақсаты – әлемдегі әртүрлі елдердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары негізінде қолданылатын ересектерге инклюзивті білім берудің озық әдістерін зерделеу және Қазақстанда енгізуге қолайлыларын табу. Бұл үшін мынадай сұрақтарға жауап табу керек: 

  • Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ)  жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі ересек студенттерге арналған инклюзивті білім беру ортасын құруға қандай әдістер жәрдемдеседі?
  • ТжКБ жүйесінде «инклюзивті білім беру» деген ұғымды қалай түсінеді?
  • ТжКБ жүйесінде   мүмкіндіктері шектеулі ересек студенттерге арналған инклюзивті білім беру ортасы қалай құрылады?
  • Халықаралық тәжірибеде қолданылатын қандай дәлелденген әдістер ТжКБ жүйесінде   мүмкіндіктері шектеулі ересек студенттерге арналған инклюзивті білім беру ортасын құруға жәрдемдеседі?
  • Осы әдістердің қайсысын қазақстандық ТжКБ жүйесіне енгізуге болар еді?

Зерттеу қалай жүргізілді?

Теориялық бөлім халықаралық ғылыми әдебиетті және бағдарламалық құжаттарды талдауға негізделді, оларда инклюзивті кәсіптік білім беруді дамытудың алдыңғы қатарлы әдістері мысалға келтіріледі. Одан кейін көру қабілеті бұзылған, қазақстандық колледждердің бірінде ысқылау, уқалау (массаж) кәсібін зерделеп жүрген  үш ересек студенттің қатысуымен тәжірибелік зерттеу жүргізілді.  

Зерттеудің қорытындылары қандай?

Халықаралық  ғылыми әдебиетті және бағдарламалық құжаттарды зерделеу инклюзивті кәсіптік білім берудің көптеген алдыңғы қатарлы әдістері бар екенін және олардың кең тарағанын көрсетті.

Алайда, көзі көрмейтін студенттермен өткізілген әңгімелесулер колледжде оқуға бірқатар кедергілер бар екенін көрсетті. Оқытушылар  көзі көрмейтін студенттермен жұмыс істеуді үйренбеген. Яғни, көзі көрмейтін студенттер оқи алмайтын материалдар пайдаланылады және оқытуда теория басым болған және  практика жеткіліксіз болған.  Студенттер тактильдік тәсілмен оқу үшін уақыттары жеткіліксіз болғанын айтады. Сондай-ақ олардың оқу модульдерін таңдауға мүмкіндіктері болмаған. Сондықтан да  белгілі бір пәндер түсініксіз болған, сондықтан олар болашақтағы жұмыстарына қажетсіз болалы деп шешкен.  Тапсырмалар да көзі көрмейтін студенттерге бейімделмеген, ал қосымша жабдықтар, мысалы, диктофондар, олардың жады аз болғандықтан жиі қолданылмаған. Сондай-ақ туденттер оқыту процесінде өздерінің ықтимал жұмыс берушілерімен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері жеткіліксіз болғанын айтты.

Бұл қорытындылар жауапты тұлғаларға, мектептер мен колледждерге қалай көмектесе алады?

Талдау нәтижесі бойынша мүмкіндіктері шектеулі ересек студенттерге арналған кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді. Негізгі ұсынымдарда мыналар қамтылған:  

  • студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы үшін  оқытушыларды оқытуға инвестиция салу, яғни, оларға тиісті оқу материалдарын ұсынатын болады және теориялық және практикалық оқытудың теңгерімін сақтайды; 
  • барлық материалдарды студенттер олармен жұмыс істей алатындай қолжетімді форматта тарату;  
  • тапсырмаларды көзі көрмейтін студенттердің қажеттіліктеріне бейімдеу. Бұл үшін туалет бөлмелерінде өзгерістер жасау керек, сондай-ақ арнайы тротуар мен соқпақ жолдар жабындысы қажет;    
  • оқу кезінде және ол аяқталғаннан кейін студенттерге қолдау көрсету; олар үшін ықтимал жұмыс берушілерімен өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін жасау.  

Өз зерттеуіңіздің саяси мәнмәтінін қалай сипаттар едіңіз?

Қазақстанда инклюзивтік білім беру саласында білім беру жүйесінде аса көп емес азаматтарға, яғни, мүмкіндіктері шектеулі ересек студенттерге  бағдарланып көптеген саяси реформалар жасалған. Бұл маңызды өзгеріс. Бұрын саяси қайраткерлер ересектерге, тіпті мүмкіндіктері шектеулі еместерге де назар аудармайтын. Тиісінше инклюзивтік білім беру туралы сөз тек оқушыларға қатысты айтылатын. Міндетті мектеп білімінен кейінгі, яғни, жоғары оқу орнында және ТжКБ-де білім беру 18 пен 24 жас аралығындағы жастарға бағдарланған. 

Ерекше қажеттіліктері бар ересектерге арналған білім беру мүмкіндіктерін кеңейту өзара байланысты екі реформаға: өмір бойына білім беру (lifelong learning) және инклюзивті білім беру реформасына бағытталған. Олар бір мезгілді іске асырылатын болады және ортақ мақсаттары бар:  ерекше қажеттіліктері бар ересектерге олар кәсіп игеретін және жұмысқа тұру үшін дағдылар үйренетін білім алу мүмкіндіктерін беру. 

Сіздің зерттеуіңіз неліктен өзекті?

Елде шамамен мүмкіндіктері шектеулі 534 мың ересек адам бар, олар оқуға және экономикадағы сұранысты қанағаттандыруға дайын. ТжКБ жүйесіне оқыту курстарының инклюзивтілігін арттыру бойынша теориятық және практикалық  ұсынымдар қажет. Сондай-ақ болашақта өмір бойына инклюзивті білім беруді енгізудің тұжырымдамасы қажет. Мұндай ұсынымдарды әзірлеу үшін шет елдердегі озық әдістерді зерделеп, зерттеу керек, бұл  қазақстандық ТжКБ жүйесіндегі  инклюзивті білім беру айқындамасын тұжырымдауға және мүмкіндіктері шектеулі ересектерді білім беру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. 

Зерттеу барысында сіз қандай проблемалармен бетпе-бет келдіңіз?

Мүмкіндіктері  шектеулі ересектерді өмір бойына оқыту – Қазақстандағы күрделі мәселе. Осындай оқыту жүйесін енгізуге ықпал ететін мәдениетті қалыптастыру керек, ал бұл Қазақстан үшін тосын жай. Күні кешеге дейін жоғары оқу орнында адамның бүкіл өміріне жететін бір кәсіптік білім алу  қалыптасқан болатын. 

Кеңес одағы ыдырағаннан және тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан жаһандану процесіне қосылды, бұл адамдардың және саяси жүйенің алдына жаңа міндеттер қойды. Демократия қағидаттары білім беру жүйесінде жеткілікті көрінбейтін адамдарды, соның ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі ересектерді қамтуды талап етеді. Азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауы бұрын көтерілмеген көптеген мәселелердің туындауына алып келді. Соның ішінде, болашақта жұмысқа орналасу, сондай-ақ біліктілігі төмен, оқуы немесе біліктілігін арттыру қажет  азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де бар. 

ТжКБ-нің қазақстандық жүйесі ересектерге арналған білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады, бірақ ол үшін тұжырымдама мен ұсынымдар керек. Бүгінге дейін Қазақстанда кәсіптік білім беру саласында, әсіресе ересектерге  инклюзивті білім беру бойынша зерттеулер аз жүргізілді.  Реформа жасаушы ретінде ТжКБ-ге өз студенттерінің жұмысқа тұруы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктері  шектеулі ересектерді өмір бойына оқыту ісін дамытуы керек. 

Сіздің зерттеуіңіз оқырмандарға неліктен қызықты болуы мүмкін?

Ғылыми әдебиетте мұндай зерттеулер жеткіліксіз. Бұл зерттеуде инклюзивті білім беру саласындағы әлемдік тәжірибенің практикалық және теориялық аспектілері талданады, оларды World Skills қозғалысы шеңберінде және Қазақстан жағдайында пайдалануға болады. 

Бұл зерттеу мүмкіндіктері  шектеулі ересектердің әлеуеттерін арттырып, жол ашады деп үміттенемін, өйткені Қазақстандағы бұл реформалар өмір бойына сапалы оқытуға қолжетімділікке соларға бағдарланған және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады.