Қосымша қолдау уэльстік студенттерге оқуда табыстарға жетуге көмектеседі

 

Студенттердің кәсіптік білім беру мекемелерінде үздік оқуы неліктен қиын болатынына көптеген себептер айтуға болады. Кей кезде олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың аса жоғары бағдарламасы болуы жеткіліксіз, сондықтан да  кешенді, нысаналы қолдау талап етіледі.  Студенттерге, олар қандай да бір күрделі мәселелерге тап болған кезде, білім беру процесіне тартылуы және оқуды жалғастыруы үшін қосымша көмек керек болады. Оларды оқумен байланысты емес проблемалар, соның ішінде тұрғын үйге, әлеуметтік жәрдемақыларға, денсаулығына және тұтастай алғандағы жағдайына байланысты мәселелер алаңдатуы мүмкін.  Студенттерге пасторлар көмегін және қосымша қолдауды ұсынатын мектептер мен колледждер студенттердің оқу процесіне көбірек ынталы болатынын байқай алады.

Уэльс мектептерінің бірі, оқуға көңіл бөлуі қиын студенттерге қосымша қолдауды ұсына отырып, тап осы стратегияны қолданады. Мектеп қызметкерлері сабақ үлгірімі өте нашар студенттерді анықтап, олар үшін әртүрлі салалардан, студенттердің білім алуға ден қоюына көмектесе алатын тәлімгерлерді (мысалы, тұрғын жайда тұруды ұйымдастыру тәжірибесі бар адамдарды) тартты . Сара Уильямс Уэльстегі Grŵp Llandrillo Menai (GLLM) колледжінің ADTRAC өңірлік жобасының менеджері іске асырылған жоба туралы мынадай әңгіме айтты.  

Grŵp Llandrillo Menai (GLLM) Солтүстік Уэльсте орналасқан және оны Уэльс үкіметі қаржыландырады. Колледж студенттерге болашақта оларды табысқа жеткізетін тамаша білім беруге ұмтылады. Ол адамдарға өңірдің және оның тұрғындарының табысты және  бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті дағдыларды, сапалар мен біліктіліктерді үйретіп, Солтүстік Уэльстің экономикасын қолдайды. Өзінің мақсаттары мен басымдықтарына қосымша  GLLM өз жұмысын Уэльс үкіметі  әзірлеген жастарды тарту және дамыту бағдарламасына сәйкес құрады. 

Колледж студенттердің өсу мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдаланып, өз жолдарын табуы үшін талпыныс жасайды.  Колледж жанында студенттерге арналған пасторлық көмек  жүйесі жұмыс істейді. Оның шеңберінде бастарында қиындықтары бар студенттер өздерінің оқу процесіне қызығушылығын сақтауға көмектесетін қосымша қолдау ала алады.

Осы мақсатта колледжде қиындықтарға тап болып, бұл жағдай олардың сабақ үлгірімінің нашарлауына себепші болуы мүмкін студенттерге арналған кеңестер құрылған. Олар  білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін студенттердің өз әлеуеттерін барынша мол пайдалануына көмектесетін шаралар әзірлейді.

Атап айтқанда, кеңестер (Early Intervention Tool) GLLM мүдделі ұйымдармен серіктестікте әзірлеген ертерек араласу әдістемесінің көмегімен жиналған деректерді талдайды. Әдістемеде оқу үлгірімінің студенттің сабаққа қатысуы, негізгі дағдылары, мінез-құлқы және әлеуметтік қамтамасыз етуге мұқтаждығы сияқты көрсеткіштер негізінде шығарылатын негізгі көрсеткіштері пайдаланылады.  Солардың көмегімен үлгірмеу қаупі қай жақтан төніп тұрғаны айқындалады. Содан кейін осы деректер негізінде жалпы балл шығарылады. 

Бұл құрал GLLM –ның ішкі бөлімінде оқитын 16 мен 24 жас аралығындағы студенттердің барлығына баға қою үшін жылына екі рет пайдаланылады.  Рейтингтің алғашқы 15%-на енген студенттер үшін қолданылып жүрген қолдау (соның ішінде қолданыстағы және оқу үлгірімінің жақсаруына көмектесуі мүмкін) шараларына талдау жасалады. Алғашқы 8%-на енген студенттер үшін Еуропалық Одақ қаржыландыратын TRAC жобасы шеңберінде қосымша көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылады. 

TRAC 11-24 жобасын Уэльс үкіметі арқылы Еуропалық әлеуметтік қор қаржыландырады және Солтүстік Уэльсте жасы 11 мен  24 арасындағы оқумен немесе жұмыспен қамтылмаған жастардың санын азайту мақсатында нысаналы қолдау көрсетеді. Жобада базалық қызметтерді толықтыратын, бірақ оларды қайталамайтын бірқатар іс-шаралар көзделген.  Оны іске асырумен Careers Wales ұйымының және графтіктің алты ауданындағы жергілікті колледждердің қатысуымен Дебиншир графтігінің кеңесі айналысады. Жобаны іске асыру әдісі әртүрлі болуы мүмкін және ұйымның сол кездегі құрылымы мен ресурстарына қатысты.   

GLLM-де жоба іштей оқуда кәсіптік білім беретін курстардың жастары 16 мен 24 жас аралығындағы, үлгірмеу ықтималдағы айтарлықтай жоғары  студенттермен жұмыс істеуге бағытталған. Көмек студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқалай қолдау бағдарламалары болмаған жағдайда  беріледі. Жобаның мақсаты студенттерге олардың оқу процесінде қалуына және оқу курсын аяқтауына мүмкіндік беретін қолдау көрсету болып табылады.

Жобамен TRAC  шеңберінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі тәлімгерлер тарапынан, оқу процесі бойынша тәлімгерлер тарапынан қарқынды көмек көрсету және студенттердің оқу процесіне тартылуына кесірі тиетін кедергілер мен проблемаларды жою мақсатында консультанттардың өз кеңестерімен көмектесуі көзделген. Атап айтқанда, ұйымдағы сапаны қамтамасыз ету шараларын толықтыра түсетін SMART іс-қимыл жоспарлары әзірленеді және нәтижелер талдауы жүргізіледі. Жоба жүргізілген уақыттың барлығында әрбір он апта сайын студенттің Early Intervention Tool әдістемесінің көмегімен есептелетін баллына талдау жасалады, бұл оның алға басуын (прогресін), соның ішінде басқа оқушылармен салыстыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Тәлімгерлер мен оқытушылар студенттерге олардың оқу үлгіріміне әсер ететін, соның ішінде тұрғылықты үй-жаймен, әлеуметтік қамтамасыз етумен, денсаулық сақтаумен және жалпы хал-жағдайымен байланысты түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бұл - GLLM-дегі жобаны іске асырудың алғашқы жылы; ол 2018 жылға дейін созылады. Студенттер қазірдің өзінде TRAC жобасы шеңберінде қолдауға ие болуда, және оның табыстылығы туралы айтуға әлі ертерек болса да, оқу үлгірімін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелерін оң бағалауға болады.    

GLLM-дегі TRAC жобасы туралы неғұрлым толығырақ ақпаратты  ADTRAC өңірлік жобасының менеджері Сара Уильямстен алуға болады.