Біз «Vocational Education Exchange» журналынын бір жарым жылдан бері шығарып келеміз. Бізге сізбен жақынырақ танысу және сіздің жұмысыңыз туралы білу, сондай-ақ сіз бетпе-бет келетін міндеттер мен қиындықтар туралы білу  қызықты. Бұл бізге өзекті және сіздер үшін қызықты материалдар дайындауға көмектеседі.

2017 жылы біз «Сарапшы» айдарын енгіземіз.

Онда кәсіптік білім берудің әртүрлі аспектілері туралы сұрақтар қоюға болады. 

Әр ай сайын оқырмандардың іріктеліп алынған сұрақтарына кәсіптік білім беру саласындағы мамандар жауап беретін болады. Олар күрделі ахуалдарды шешуге жәрдемдесетін және дағдыларды дамытуға ықпал етіп, жастардың жұмысқа орналасуы мүмкіндіктерін кеңейтетін тәсілдер мен амалдарды ұсынатын болады.

Наурыз айында студенттердің оқумен байланысты түрлі қажеттіліктерін қалай қанағаттандыруға болатыны туралы қойған сіздердің сұрақтарыңызға University of Greenwich (Гринвич университетінің) маманы Трейси Партридж жауап береді.

Сұрақтарыңызды мына электрондық поштаға жолдаңыздар: VEE@britishcouncil.org

Өз сұрағыңызға жауапты өткізіп алмау үшін ай сайынғы таратуға жазылыңыздар.