Hackney Community College тәжірибесінен

Hackney Community College (Хакни Коммьюнити Колледж) білім алуда ерекше қажеттіліктері бар бір топ жас адамдар үшін инклюзивті білім беру бағдарламасын әзірледі.

Біз бұл жоба туралы біздің сәтті тәжірибеміз таратылатын болады деген үмітпен әңгімелейміз және осы тәжірибе нәтижелерінің негізгі ұсынымдарын келтіріп отырмыз.

Hackney Community College – Лондонның Шордич ауданында орналасқан білім беру мекемесі. Колледждің басты міндеттерінің бірі мәдени және этностық шығу тегі әр түрлі адамдарды, сондай-ақ айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері бар көптеген отбасыларын біріктіріп отырған қауымдастықтың игілігі үшін жұмыс істеу болып табылады.

Колледж оқуда қиындықтарға тап келіп жүрген және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар  студенттерге  арналған курстарды ұдайы ұсынады, бірақ 2009 жылы оған неғұрлым елеулі проблемалары бар алты адамнан тұратын топ үшін  оқытуды ұйымдастыру туралы сұрау салынды.

Бұл жағдай қосымша құралдар мен объектілерді  жылдам бейімдеуді, сондай-ақ жаңа студенттердің қажеттіліктеріне сай келетін жаңа оқу жоспарын әзірлеуді талап етті.

Жобаның іске асырылуына жауапты тьютор оқыту студенттердің білім алуына, өмір сүруіне және болашақта жұмыс істеуіне, соның ішінде өзін және өз қызығушылықтарын түсіне білуге және олар туралы айта білуге көмектесуі керек деп шешті. Оқу жоспары Орегон білім беру департаменті әзірлеген Speak Up For Yourself and Your Future! («Өз болашағыңыз үшін өзіңіз туралы айтыңыз!» - «Заявите о себе ради своего будущего!») бағдарламасы негізінде әзірленген болатын.

Одан кейін тьютор студенттермен кездесіп, міндеттерді және әр сабақ бойынша олардың ерекше қажеттіліктеріне сай келетін жоспарды әзірледі. 

Сондай-ақ әр сабақтың жоспарлары жасалды. Сабақтар сол топта өткізілді; әр сабақ студенттер мен қызметкерлердің өз сезімдерін және оларды тудырған себептер туралы талқылаудан басталып отырды.  Сабақтың негізгі бөлігінің алдында ойын өткізілетін. Негізгі бөлім топта Джазза есімді қуыршақты пайдалана отырып, талқылау немесе бірнеше талқылау өткізуді қамтиды. Қуыршақты пайдалану студенттердің коммуникация және эмпатия дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақтар, сондай-ақ, ассоциативтік карталарды (mind maps) құрауды және шағын топтарда жұмыс істеуді де қамтиды. Студенттердің қайта оралып, пысықтауына мүмкіндіктері болуы үшін барлық сабақтар бейнежазбаға жазылып отырды. Бұл студенттердің есте сақтау қабілетерін дамытуға және сенімділіктерін арттыруға әсер етті.

Студенттердің біреуінің сөзіне қарағанда, курс оған колледжді бітірген соң өзін қалай елестететінін басқа адамдарға айтуды үйренуіне көмектескен. Басқа бір студент әр сабақ өткен сайын сенімділігі арта түсетінін айтқан.

Бағдарлама аса табысты болды. Биылғы жылы колледж ерекше қажеттіліктері бар 48 студентті оқуға қабылдайды.

Өз тәжірибесін басқа мектептермен және колледждермен бөлісу үшін Hackney Community College білім алуда ерекше қажеттіліктері бар студенттердің қажеттіліктеріне сай келетін курс әзірлеу туралы өзінің бірнеше ұсынымын ұсынады: 

  1. студенттердің мүмкіндіктеріне сай келетін білім беру мақсаттарын қойыңыздар және оларды жүйелі түрде қайта қарап отырыңыздар;
  2. біртіндеп қозғалыс жасаңыз;
  3. өткен материалға жүйелі түрде қайта оралып, оны бекітіп отырыңыз;
  4. студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту және олардың өздеріне деген сенімділігін арттыру үшін бейне және аудиожазбалар жасап отырыңыз;
  5. оқыту қызметінің әрбір түрі аз ғана уақыт алуы керектігін ойластырыңыз және оқытудың әртүрлі әдісін пайдаланыңыз;
  6. сабақтың қызықты, тартымды және интерактивті болып өтуіне ұмтылыңыз: қуыршақтарды, рөлдік ойындарды және басқа да ойындарды пайдаланыңыз;
  7. командада жұмыс істеңіз, көмекші қызметкерлердің күшті жақтарын және дағдыларын пайдаланыңыз, өз мінез-құлқыңызды модельге салыңыз;
  8. әртүрлі визуалдық ресурстарды қолданыңыз;
  9. сабақтарды тьютор өткізетініне қарамастан, топта оқу қызметінің барлық түрлерін талқылаңыздар және таңдау жасаудың әрбір мүмкіндігін пайдаланыңыздар, бір-бірлеріңді тыңдап, пікірлерді бірге қалыптастырыңыздар.

Жоба туралы көбірек білу үшін мына сілтеме бойынша есепті жүктеп алыңыз.

Осы сілтеме бойынша Орегонның білім беру департаменті әзірлеген оқу жоспары қолжетімді.