Студенттерді оқу бағдарламасын жасау, нәтижелерді бағалау және мектептің немесе колледждің ішкі құжаттарын әзірлеу процестеріне тарту білім беру ортасын айтарлықтай жақсартуы мүмкін.

Оқу орнының басшылығы, оқытушылары мен қызметкерлері неге назар аударғандары жөн? Бірқатар ұсынымдарды ұсынамыз.

Диалог жасау үшін жағдайлар жасаңыз

  • Пікірталастар өткізетін кеңістік құрудың маңызы зор. «Ми орталықтарын», фокус-топтар, пікірсайыстар немесе талқылаулар ұйымдастырған кезде негізгі міндет – студенттер мен оқытушылардың арасында тиімді диалогты дамытатын уақыт пен орынды белгілеу.  
  • Пікір алмасулар неғұрлым белсенді өткен сайын жақсы нәтиже болудың ықтималдығы жоғарылай түседі.
  • Студенттер өз пікірлерін жасқанбай айта алатын ашық пікірсайыстар жабық сауалдарға жауап беруден әлдеқайда тиімдірек.
  • Студенттердің пікірлері мен қызығушылықтарын ескеру мақсатында олармен өзара іс-қимыл жасау процесі, егер ол бір реттік қана құбылыс болмай, тұрақты болатын болса, әлдеқайда тиімдірек болады. Асығудың қажеті жоқ: тиімді коммуникация дағдыларын игеруі үшін студенттер мен оқытушыларға уақыт керек болады. 

Басқа студенттерге қалай әсер ететінін ескеріңіздер

  • Бұл процестің негізгі мақсаты – басшылық пен оқытушылардың неғұрлым тиімді шешімдер қабылдауы болса да, студенттердің бір-біріне әсер ететінін есте ұстау керек. Студенттерге басқа студенттердің пікірлері мен идеяларын тыңдау пайдалы болуы мүмкін.
  • Мектепте студенттер өздерінің оқыту процесін қалыптастыра алатындай жағдайлар тудырыңыз. Бұл ойластырылған шешімдер қабылдануына және студенттік қоғамдастықтың нығаюына жәрдемдесетін болады.

Тәуекелдерді басқарыңыз

  • Егер де сіз өзгерістер жасауға бел бусаңыз, тәуекелдерге дайын болыңыз, әсіресе, егер өзгерістер студенттерге оқыту ортасына бақылау жасауды орнатуға мүмкіндік береді. Басшылық пен оқытушылар студенттердің пікірлері мен қызығушылықтарын ескере отырып, тәуекелдерді өнімді басқарулары керек. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тәукекел ете білу керектігіне сеніңіздер.
  • Бәлкім оқытушыларға тыңдаудың және студенттермен қарым-қатынас жасаудың арнайы дағдылары керек болатын шығар. Студенттерге құлақ салыңыздар және олардың идеяларын қалай жүзеге асыру керектігін ойластырыңыздар.

Қателерден үйреніңіздер

  • Оқыту ортасы сияқты, студенттер де әртүрлі. Әрине, студенттерді шешім қабылдауға тартудың бір бастамалары мен әдістері екіншісінен тиімдірек болары анық. Қай әдістің жақсырақ істейтініне қараңыздар.
  • Бәлкім, оқытушылар қабылданған шешімдері мен жасаған қадамдары туралы өзара талқылап, нәтижелерін талдағаны жөн болар.

Репрезентативтілік

  • Студенттердің шағын кеңесінің пікірі іс жүзінде барлық студенттердің позицияларын бейнелейді ме? Олай емес болар. Біз жекелеген студенттердің пікірлеріне, студенттердің қызығушылықтары туралы толыққанды жағдайды салыстыру үшін пайдалануға болатын ақпарат көздерінің бірі ретінде қарауды ұсынамыз. 
  • Студенттердің  кеңесін құрудан және өкілдерін белгілеуден басқа  студенттерді ашық талқылауға көбірек тартуды ұсынамыз.