Студенттердің оқу процесін ұйымдастыруға қатысуы оқу жоспарларының сапасын жақсартып, студенттердің  ынтасын көтеруге  септігін тигізуі мүмкін. Алайда студенттердің қатысуын қалайша сипаттап және оқытушылар маңызды шешім қабылдаған кезде студенттердің пікірлерін қалайша ескере алады? Оқыту курстарын қалыптастыруға қатысу үшін студенттерді қалайша тартқан жөн? Оқытушылар студенттермен өзара қимыл-әрекет жасау үшін  осы мәселе бойынша қосымша дағдылар қажет пе? 

2004-ші жылы SoundOut ұйымы студенттердің оқу мекемелерінің әр-түрлі саласына қатысуы барынша тиімді болу үшін, бұл тәсілді «жеке және ұжымдық пікірлер және студенттер оқуы мен білім берудің мәнмәтініндегі  іс-әрекеті» ретінде белгіледі. 

Сол уақыттан бері студенттердің білім беру процесіне қатысу маңызы артты: казір бұл үрдіс оқушылар мен студенттерді білім беру жүйесінің барлық кезеңінде қамтыған. Білім беру процесіндегі әр қатысушының пікірі тыңдалу керек. Студенттер білім беру процесінің алғышарттары мен қалыптастыру барысына қатысуға құқылы.  

Білім беруге қатысты тәсілдер күн өткен сайын демократиялы болып келеді.  Әрбір студент өз үлесін қосып, білім берудің нәтижері үшін жауапты. Білім алушылардың пікірі  кез-келген деңгейде: балабақшадан бастап колледж және университеттерге дейін маңызды. 

Студенттердің оқу процесіне қатысуы  маңызды ғана емес, сондай-ақ олардың білім беру мекемесін басқарудағы рөлі де  үлкен басымдылыққа ие. Білім беру мекемелері жастарды үлкен әлемдегі өмірге дайындайды.  Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы сияқты соңғы әлемдік  жағдайлар мен интернационализациялану өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық.  Сондай-ақ мемлекеттер саясатындағы ықтимал өзгерістерге орай әлеуетті халықаралық бастамашыл  басымдылықтар бойынша шешім қабылдау процесіне және олардың  пікірі мен қызығушылықтарын ескеруде студенттердің өздерін тартуды қарастырған жөн.  

Ұлыбританияда студенттер қызығушылығын қалай ескереді?

Британдық кәсіптік білім беру мекемелері студенттердің қызығушылықтарын ескеру үшін белсенді түрде  әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Төменде осы тәсілдердің бірнешеуі сипатталған:

  • колледждің стратегиялық жоспарына студенттердің қызығушылықтарын ескеру мәселесін кірістіру; 
  • студенттерге толыққанды серіктес ретінде қарау;
  • өзгерістерді ендіруге мұрындық болатын студенттік одақтарды ұйымдастыру бойынша жағдайлар жасау;
  • студенттерді оқу барысын ұйымдастыруға тарту;
  • студенттерді  колледж ұсынып отырған қызметтерді жетілдіруге барынша тарту;
  • студенттердің өкілі болатын комитеттер құру; 

Енді осыларды толығырақ қарастырсақ.

Студенттерді шешім қабылдауға тарту колледж стратегиясының бір бөлігі ретінде  

Студенттердің қызығушылықтары мен пікірін ескеру колледждер саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл колледж миссиясында көрсетіліп және стратегиялық жоспарда тікелей жазылса да, жазылмаса да  тура солай. 

Мысалы, Edinburgh College (Эдинбург колледжі) өзінің стратегиялық жоспарына «Студенттердің шешім қабылдау процесіне қатысуы» атты бөлімді кірістіріп қойды. Осылайша «колледж студенттердің колледж дамуына кірістірілу деңгейін көтеруді көздеп отырғанын» көрсетті.

Ayrshire College-нің (Эршир колледжі) стратегиялық жоспарында «студенттерді колледж өмірінің барлық тұстарына тарту арқылы оқыту сапасын үзіліссіз жақсарту» қажеттілігі жазылған.

Бұл мәселені стратегиялық жоспарда бекіту дегеніміз, студенттердің пікірін ескеру оқытушылар мен студенттердің өздері үшін ғана емес, колледж басшылары үшін де басымдылыққа ие болып отырғанын көрсетеді. 

Студенттер толыққанды серіктес ретінде 

Студенттердің қызығушылығын ескеруге негізделген оқу тәсілі жаңа көрінгенмен, расында бұл тұжырымдама осыдан көп жыл бұрын, студенттер оқыту бағдарламасын құруға  белсенді қатысқан университеттер құрылған кезде туған еді. Мысалы XII ғасырда Болон университетінің студенттері толық өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Оның ішіне оқыту жоспарын құру мен оқытушыларды тағайындау құзыреті де енді. 

Көптеген коллдждер бүгінде студенттерді оқу бағдарламасын және оқу жағдайын  қалыптастыруға тартуға байланысты белсенді түрде іс-қимыл жасап жүр. Колледждер студенттердің барлығы оқу орнының дамуына өзінің қомақты  үлесін қосса екен деген мақсатпен барынша жағдай жасау жұмысын нығайтып жатыр.

Студенттік одақтар

Студенттік одақтар колледждегі студенттердің жоғын жоқтауда маңызды рөл атқарады. Студенттік одақтар өкілдері колледж комитеттерінің жұмысына қатысып, студенттердің пікірлері мен қызығушылықтары ескерілу үшін, басшылықпен қоян-қолтық жұмыс жасайды. Алайда, студенттік одақтар барлық колледждерде бірдей белсенді емес, сондықтан да олар студенттердің мүдделерін қажет деңгейде айшықтап жүрген жоқ. 

Студенттердің оқу процесін қалыптастыруға қатысуы

 Leeds City College –інде (Лидс қалалық колледжінде) студенттер колледж ұсынған 300-ден аса курс бағдарламасын қалыптастыру  жұмыстарына қатысады.  Студенттер өкілдері кафедра меңгерушілерімен кездеседі. Кездесулер семестрде екі рет өткізіліп, оған әр қурстың факультеттерінен  өкіл ретінде  20-30 студент  қатысады. Студенттер мен оқытушылар пікір және ойларымен бөлісіп, студенттер мен оқытушылар жасауы тиіс іс-қимылдарды талқылайды. Мұның бәрі кейін факультет жұмысының сараптамасы кезінде есептеледі. Студенттердің басым бөлігі көтерген мәселелерді коледж басшылығы аса басым мәселе деп  қарайды.   

Колледж көрсететін қызметтерді әзірлеуге студенттердің қатысуы

Оқыту бағдарламасын құруға байланысты өз үлестерін қосумен қатар көптеген колледждерде студенттік одақтар жиналыстарға қатысып, колледждің азык-түлік, телекоммуникация, күзет және т.б қызметтеріне қатысты   комитет жұмыстарына қатысады. Мұнда да студенттер дауысы үлкен маңызға ие. Студенттердің табысты және сәтті оқуы үшін, оқыту барысынан бөлек, оқу ортасын қалыптастыратын қосалқы жағдайлардың да алар орны ерекше. Колледж басшылығы өзгерістердің тиімділігіне баға беру үшін,  студенттер арасында үнемі жалпы және арнайы  сауалнамалар жүргізіп отырады.   

Студент өкілдерінің колледж  комитеті жұмысына қатысуы

Кейбір колледж студенттерінде  көп жылдан бері колледж одағында өз өкілдіктері бар. Осы дәстүр жалғасып келе жатқанымен, бұл студенттердің комитет жұмысына араласудың бір тәсілі ғана болып табылады. Олар мұнда колледж жұмысының әр-түрлі көріністеріне жауап береді. Студенттер курстарды топтастыруға, колледждің өзге де қызметтері туралы мәселелелерді шешуге, сондай-ақ басқа да комитеттердің жұмысына үлкен үлес қосуға мүмкіндіктері бар.     

Peterborough Regional College-де  (Питерборо аумақтық колледжі) және басқа да көптеген колледждерде түскі уақыт кезінде колледж басшыларына арналған сауалдар сағатын өткізеді.  Сынып өкілдері мен студенттер мұнда тіркеліп, колледж басшыларына өз сауалдарын қоя алады. Ал оқытушылар өз түйткілді мәселелері туралы айтып, студенттерден оны шешудің жолдары туралы кеңесе алады. Бұл жағдайда әрекет екіжақты болып табылады.  

Мектептер мен колледждерде студенттер өз ойларын ашық білдіруге бар мүмкіндік жасалған, осы арқылы студенттер арасындағы  жалпы ахуалды шешу мәселелері де барынша  жақсы көрсеткіштерге ие. Көптеген білім мекемелерінің ойынша, студенттердің маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы жеке тұлғалық дамудың бір тәсілі болып, студенттердің қоғамдағы болашақ өміріне дайындалуына септігін тигізеді. Сондай-ақ бұл қолайсыз ортадан келген студенттерді оқыту процесіне тартуға мүмкіндік береді.

Колледжде саяси дебаттар ұйымдастырылады, мысалы жалпы сайлау немесе Ұлыбританияның ЕО-ға мүшелігі туралы референдум делік. Оны Колледждер қауымдастығы  қолдап келеді. Олар сәтті саяси дебат  өту үшін көмек ретінде  қажет нұсқаулық пен  материалдарды ұсынып отырады.  Көптеген дебаттарға жергілікті саясаткерлер, колледж студенттері, жергілікті мектеп өкілдері мен жергілікті жастар парламентінің мүшелері қатысты.   

Еуропалық студенттік одақтағы Ұлыбританияның өкілі Ұлыбританияның ЕО-ға мүшелігі туралы референдум өткізгеннен кейін студенттер арасындағы саяси сауаттылық пен саяси белсенділіктің артқанын атап өтті.  Ол білім мекемелеріне осы нәтижелерді пайдаланып, оны қолдауды ұсынды.

Мектептер мен колледждер студенттерді оқыту жағдайларын жетілдіруге қатысты жұмыстарға тартып, одан кейінгі жұмысқа орналасу барысында қажет дағдыларды үйрете білуі тиіс.