Belfast Metropolitan College студенттер арасында шешім қабылдауға тарту  жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Колледж британдық Learner Voice Practitioners Network Awards (студенттер арасында шешім қабылдауға байланысты үздік тәсілдерді анықтау) сайысында бірінші орынға ие болды, ал колледждің студенттік одағы Ұлттық студенттер одағының «Жылдың студенттік одағы» сайысының финалисі атанды.

«Vocational Education Exchange» журналының редакциясы Belfast Metropolitan-дағы студенттердің үлгерімін бақылайтын бөлім басшысы Джим Вудспен кездесіп:

Студенттердің пікірі мен қызығушылығын ескеру деген не?

Бұл студенттерді колледж өмірінің  барлық қырларына қатысуға тарту деген сөз. Бір сөзбен айтқанда: «студенттердің қатысуынсыз ештеңе шешілмеуі тиіс». Бұл әр студентке оқуға арналған жағдайды жасау үшін, оларды не толғандыратынан тыңдай білу, қызығушылығы мен мұқтаждығын ескеру деген сөз. Бұл сондай-ақ студенттер, оқытушылар, колледж басшылығы мен қызметкерлері арасында бірлік сезімін қалыптастыру деген мағынаны білдіреді.     

Belfast Metropolitan College-де қандай тәсілді қолданады?

Belfast Metropolitan College студенттердің пікірі мен қызығушылығын колледж өмірінің барлық тұстарында  барынша толық ескеру үшін, бірнеше бастамашыл жұмыстар атқарды:

  • Бізде студенттік одақ бар, олар студенттер мен басшылар және қамқоршылар одағы арасындағы делдал ретінде жұмыс жасайды. Студенттік  одақ мүшелері сапаны қамтамасыз ететін колледж комитеттеріне кірістірілген.
  • Өкілдік жүйесі бойынша әр класс өкілін таңдау ескерілген.  Класс өкілдері үнемі оқу ісі бойынша директормен және студенттердің үлгерімін бақылайтын бөлім басшысымен  кездесіп отырады. Өзара кері байланысты ұсынып, «сіз айттыңыз, біз жасадық» тәсіліне  қатысады. Бұл тәсіл арқылы басшылық, студенттердің сұранымына қатысты қандай жауаптар қарастырылып жатқанын айтып бере алады. 
  • Колледждің студенттік одағы ақпараттық алаңдар құрды, мұнда студенттер өз ойларын айтып, тренингтер ұйымдастырып, студенттер таңдауы бойынша үздік оқытушыны марапаттайды.                                                                                  
  • Жылына екі рет колледж студенттер арасында сауалнама жүргізіп, осылайша кері байланыс есебі жасалып, студенттердің қанағаттанушылық деңгейі сарапталады.
  • Сондай-ақ осы мәселе бойынша өзекті ақпарат Belfast Metropolitan College студенттік журналында жарияланады.

Осындай іс-шараға қатысушы студенттер қандай басымдылықтарға ие болады?

Студенттер белсенділік таныту қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді, ал сабақтан тыс шараларға қатысу, одан кейін де жоғарғы оқу орнында оқуын жалғастырмақшы болғандарға айтарлықтай басымдылықтар беретінін біледі. Мұндай іспен шұғылдану көшбасшылық және басқару дағдыларын дамытуға көмектесіп, студенттердің таныстырымдылық және  шешендік шеберлігін арттыруға септігін тигізеді. Нәтижесінде студенттер өздерінің пікірлері мен ойлары курстардың мазмұнына әсер етіп, колледж басшыларына  нақты пәндер бойынша үздік тәсілдерді таңдауға көмектесетінін түсінеді. Бұл кезегінде болашақ студенттерге де, өздеріне де тиімді екені белгілі.  

Осы тәсілді ендіргісі  келген  өзге мемлекеттегі колледждерге қандай кеңес айтар едіңіз?

Ең алдымен студенттік одақ немесе осы тектес ұйым құрған дұрыс. Бұл әдісті жоғары деңгейде тиімді енгізудің бірден– бір кілті осы үдеріске қатысушы барлық мүшелердің мұқалмас ниеті: ол әрине студенттер, оқытушылар, колледждың басшылығы мен басқа да қызметкерлері. Біздің колледж студенттер пікірі мен қызығушылығына байланысты  арада кері байланыстың болғаны қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Біз студенттерді  осы үдерістің толыққанды  мүшесі ретінде қабылдап, олар Belfast Metropolitan College-нің дамуына өз үлесін қосу үшін, осыған сәйкес дағдыларды дамытуға тырысамыз.    

Біз Belfast Metropolitan College-і студенттер одағының президенті  Луиза Микпен кездесіп: 

Belfast Metropolitan College-де студенттік одақ қалай жұмыс жасайды?

Жыл бойы біздің студенттік одақ студенттер жиналысын өткізіп тұрады, мұнда олар өздерінің оң және теріс пікірлерімен бөлісе алады, оларды одақ колледж басшылары мен оқытушыларына табыстап отырады. Біз студенттерге өз өтінімдерін ресми емес жиналыстарда да жіберуін сұраймыз. Біздің дауысымыз маңызды , ал студенттік одақ оны нығайтуға көмектеседі.

Студенттер иен оқытушылар қаншалықты еркін өз ойларын айта алады?

Студенттер күн өткен сайын анағұрлым сенімдірек өз пікірлерін білдіріп, олардың ойлары маңызды екенін түсініп келеді. Оған студенттердің Ұлттық одағы мен колледж студенттері одағы өткізіп отырған тренингтері мұрындық болып отыр. Оқытушыларға келетін болсақ, олардың басым бөлігі студенттердің ойын бар қызығушылықпен тыңдап жүргенін байқадым.    

Колледждің студенттер одағының мүшесі болу Сізге не береді?

Болашақта мен басшылық қызмет атқырғым келеді, ал студенттік одақтың президенті болған кезде алған дағдыларым маған болашақта көмектесетіні анық.

Сіздің мекемеңіз студенттердің пікірі мен қызығушылығын ескеру жүйесін енгізіп жатыр ма? Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, сіздің мекемеңіз кездескен  қиыншылықтарды сипаттап және осыдан келген артықшылықтар туралы  айтып беріңіз. Материалдарды VEE@britishcouncil.org.