Оқытушылардың уақыттары мен  кәсіптік білім беру мекемелері ресурстарының шектеулілігі студенттерді шешім қабылдау процесіне тартудың стандартты емес тәсілін табуға үнемі мүмкіндік бере бермейді. Біз Ұлыбритания университеттерінің бір тобы жүргізген зерттеулерден үш мысал алдық, олар түрлі тәсілдерді сипаттайды. Бұл өздеріңіздің кәсіптік және техникалық білім беру  оқу (КжТБ) орындарыңызда студенттерді түрлі процестерге тартуға сіздерді  ынталандырады деп үміттенеміз.

«Тек қана эссе емес!»: студенттер бағалау жүйесін таңдайды

Аттестация оқытудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі көп жағдайда оқыту бағдарламасына байланысқан болады, бірақ студенттерді пәнді тереңірек зерделеуге қалай ынталандыруға болады? Шешімдердің біреуі – студенттерге бағалау жүйесін өз беттерінше дербес таңдауларына рұқсат ету. Birmingham City University-дегі (Бирмингем қалалық университеті) Мектепке дейінгі даму курсының студенттері (Early Years Foundation)  енді эссе жазғылары келмейтіні туралы шағымданғаннан кейін оларға өздерінің  бағалау жүйесін әзірлеуге тапсырма берілді.

Осындай күтпеген ұсыныстан кейін естерін жиған студенттер бағалаудың баламалы тәсілдері  мәселесін өзара және оқытушылармен талқылады. Пікірталастардың бірінде студенттердің біреуі бірыңғай бағалау жүйесін  ұсынуға болады ма әлде бірнеше нұсқадан таңдау керек пе деп сұрады. Оқытушылар егер курс жұмысына жұмсалған уақыт пен энергия, сондай-ақ қорытындысында алынған дағдылар мен білімдер бір-біріне лайық болса, студенттер курс жұмысының әртүрлі түрлерін таңдай алады  деп шешті.

Студенттер оқытушылармен бірге бағалау жүйесінің бірнеше нұсқаларын әзірлеп шықты. Студенттер өздері зерделейтін курсқа тереңірек бойлау мүмкіндігін алды, сондай-ақ алған білімдерін өздері қалай көрсете алатындарын ұқты.  

Бағалау  жүйесін әзірлеу процесі студенттерді оқуға ден қоя қарау керек екендігін ұқтырды. Және аттестация қорытындылары да мұны растады. Студенттер жоғары балл алды, ал бұл өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыра түсті.    

Бағалау  жүйесін  өзіңнің әзірлеуің қалай екен деген сұраққа жауап бергенде студенттердің біреуі: «Фантастика, тамаша болды. Әуелі мен абыржып қалған болатынмын, бірақ сосын менде көптеген идеялар пайда болды» деді. 

Студенттерге оқудың барлық кезеңдерінде толық бақылау беру үнемі дұрыс бола бермесе де, студенттерді бағалау жүйесін әзірлеуге тартудың пайдасы болуы мүмкін. 

Кері байланыс туралы маңызды әңгіме

Пайдалы кері байланыстың оқыту үшін маңызы зор. Алайда,  Edinburgh Napier University (Нейпирдің Эдинбург университеті) School of Life Sciences (Медицина-биология ғылымдары мектебінің) студенттері өздері алатын кері байланысқа көңілдері толмайтынын үнемі білдіріп отыратын. Бұл студенттер  бұлардың жазған комментарийлерін оқымайтынын түсінген оқытушылар тарапынан да наразылық тудыратын.

Оқытушылар студенттерді кері байланыс процесіне талдау жасауға тартпақшы болып шешті. Алайда олар студенттерге арналған анкета жасау қажетті нәтиже бермейді деп уайымдады. Бұрын студенттер, олардың пікірінше, анкеталар ештеңені де өзгертпейді және оларды толтыру өздеріне қызық емес деп мәлімдейтін. Сондай-ақ анкеталар ұдайы студенттердің позициясын көрсете бермейді деген қауіп те бар еді. 

Университет басшылығы мен оқытушылар кері байланыстың ашық пікір білдірудің барлық қырларын қамтитын, қарапайым, қолжетімді және ашық тәсілін әзірлегілері келді.

Мынаны жасау керек деп шешілді: бірінші – мәселені талқылау және ықтимал шешімдерді іздестіру үшін студенттердің өкілі қатысқан оқытушылардың конференциясын өткізу керек, екіншіден – кері байланыс туралы маңызды әңгімеге барлық студенттерді шақыру  керек.

Конференция өткізіліп, оның барысында студенттер мен оқытушылар түрлі идеяларды талқылай алатын бірнеше семинар өтті. Одан кейін үш курстағы түрлі мамандықта оқитын 300-ден астам студент бір апта бойы студенттер мен оқытушылар арасындағы талқылауға қатысты. Университет басшылығы аудиториялардағы талқылауларда фасилитатор болған оқытушылар мен студенттердің белсенділіктерін арттырамыз деп үміттенді. 

Талқылаулар жазылып алынып, басшылық оларды талдады. Көптеген идеялар нақты курстарға қатысты болатын, бірақ ортақ сәттер де бар еді:

  1. кері байланыс нақты болуы керек;
  2. кері байланыстың көлемін арттыру қажет;
  3. нәтижені жақсарту үшін нақты ұсынымдар қажет;
  4. мысалдар мен үлгілерді келтіру қажет;
  5. теріс кері байланыстан басқа оң кері байланысты да беріп тұру керек.

Бұл мәселе бойынша студенттердің пікірлерін тыңдағаннан кейін оқытушылар кері байланыс  беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізе алды. Басқалармен бірге студенттерге өз жұмыстары бойынша кері байланыс беруді ұсынды, онда оқытушылар қай кезде қосымша түсіндірулер мен комментарийлер керек екенін түсіне алды. Сондай ақ, басшылық берілетін кері байланыстың нақтылығын қамтамасыз етті.

Оқытушылармен талқылауларға қатысып және өздерін тыңдайтынын сезінген студентер көмек сұрай алатындарын және де оқытушылар ондай көмек керек екендігін білетін болса, әрдайым көмектесе алатындарын түсінді. Бұл тәжірибе университет мәдениетін өзгертті және студентер мен оқытушылар арасындағы коммуникацияны реттеді.

Студенттерге арналған онлайн-анкеталар

University of Westminster (Вестминстер университеті) екі модульдық курс бойынша бес жылдық зерттеу жүргізіп, студенттерден кері байланыс беруді сұрады. Оқытушылар репрезентативті пікір алу үшін өздерінің зерттеу жұмысына неғұрлым көбірек студенттерді тартулары қажет деп шешті.

Модульдердің құрылымын қайта қарау үшін қоғамдық ғылымдар және ақпараттық технологиялар курстарының студенттеріне арналған онлайн-анкетаны пайдаланылды.  Анкетаға сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша сұрақтар қосылды, сондай-ақ мүдделі студенттердің қатысуымен бірқатар фокус-топтар өткіземіз деп шешті.

Оқытушылар анкетаны нақты, егжей-тегжейлі және толыққанды жауап алатындай етіп құру керектігін түсінді. Жазғы сессияны тапсырған студенттерден анкетаға анонимді түрде жауап беру сұралды. Оқытушылардың анонимділік адал жауаптар алуға көмектеседі және зерттеуге көбірек студенттерді тартады деген сенімдері зор болды. 

Студенттердің көбі анкетаны толтырды, олар сұрақтарға өз сөздерімен жауап берді. Жауаптардың толыққанды әрі терең мағыналы болғаны сонша, университет басшылығы фокус-топтарды өткізбейміз деп шешті. Тұтастай алғанда қоғамдық ғылымдар және ақпараттық технологиялар курстарының студенттері ұқсас жауаптар беріп, бірқатар ортақ мәселелерді қозғады. Оқыту бағдарламасының мазмұны мен басқа да аспектілері бойынша пайдалы комментарийлер алынды, бұл оқытушылардың курстар құрылымын қайта құруына көмектесті.

Университет  басшылығы анкеталаудың көбірек студенттерді тартуға және репрезентативті пікірлер алуға мүмкіндік беретініне көз жеткізді. Табысқа жетуге не көмектесті:

  1. ойластырылған анкета;
  2. кең жауап беруді көздейтін ашық сұрақтар;
  3. анонимділік.

Осы және басқа да мысалдар туралы есептен оқыңыздар.