Студенттердің пікірлері мен мүдделерін ескеру бойынша көптеген практикалық материалдарға еркін қол жеткізуге болады. Біз оқырмандарымызға пайдалы болатын келесі ресурстарды таңдадық. Олармен танысуды және оларды сіздің елдегі жағдайларға бейімдеуге келе ме, жоқ па, соны қарап шығуды ұсынамыз. Біз сіздердің ұйымдарыңызда қандай ресурстар пайдаланылатынын естуге қуаныштымыз. Мына мекенжайға жазыңыздар: VEE@britishcouncil.org.

Британияның білім беру саласындағы үйлестіруші органы Ofsted-тен озық практика үлгілері

Ofsted  Ұлыбританиядағы колледждер мен мектептердің қызметіне бақылау жасайды. Оқыту сапасы туралы студенттердің пікірі қаншалықты ескерілетіні кез келген аттестацияның маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан  Ofsted студенттердің пікірлері мен қызығушылықтары саласында озық практика мысалдарын жинады. Бізге бәрінен де Англия, сабақтарда байқау жүйесін қоса алғанда (License to Observe), ‘Hot or Not’ жаттығуын және оқушылардың жыл сайынғы конференциясын қоса алғанда, Chichester College туралы мақаладағы ресурстар қатты ұнады;  Ofsted дайындаған озық практиканың басқа да мысалдарымен осы жерде танысуға болады.

Колледждер қауымдастығының басшылығы қамқоршылар кеңесіндегі студенттер өкілінің рөлі туралы

Ұлыбританияда студенттердің шешім қабылдауға қатысуы мәселесін талқылай отырып, «қамқоршылар кеңесіндегі студенттер өкілінің» рөлі туралы жиі айтады. Бұл термин белгілі бір түсіндірулерді талап етеді және көп жағдайда колледждерді мемлекеттік деңгейде басқару жүйесімен байланысты.  Ұлыбританияда орталық және жергілікті үкіметтік  органдар шешім қабылдауда бірқатар өкілеттіктерді тікелей колледждерге беруде. Алайда колледждер мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылады, сондықтан да колледждердің іс-әрекеттері мен шығындарын бақылау мақсатында оларда тәуелсіз орган – жергілікті қоғамдастық мүшелерінен тұратын қамқоршылар кеңесі болуы керек.

Көптеген колледждердің қамқоршылар  кеңесіне қоғамдастық мүшелерінен басқа студенттер өкілі кіреді. Англия колледждерінің қауымдастығы студенттер өкілдерін тағайындау және оларды қолдау бойынша тамаша нұсқаулық жасап шығарды. Англия колледждері қауымдастығының студенттердің мүдделерін ескеру мәселесі жөніндегі  материалдарымен танысыңыздар немесе нұсқаулыққа сілтемені ашыңыз. 

Carshalton College (Каршолтон колледжі)-нің сыныптар өкілдерін таңдау бойынша нұсқаулығы

Студенттер өздерінің дауыстары ескерілетінін сезінетін ұйымдастырушылық мәдениетті құру оңай емес. Оқу орнының әр сыныбы оқытушылармен және басшылықпен өзара іс-қимыл жасайтын өзінің өкілін таңдайтын өкілдік жүйесі – жалпыға бірдей амал. Оның артықшылығы студенттердің жасырын (анонимді) және нақты кері байланысын қалдыра алатынында.

Бізге Carshalton College нұсқаулығы ұнайды, өйткені онда сынып өкілінің рөлі мен жауапкершілігі нақты да айқын жазылған.   Carshalton College әзірлеген және Білім беру және дайындық қорының  Excellence Gateway порталында жарияланған осы ресурстарды қарап шығыңыздар (Education and Training Foundation).