«Vocational Education Exchange» журналының наурыз айындағы санында сіздерге сәлем жолдаймыз!

Инклюзивтік білім беру тақырыбының маңыздылығы мен кеңдігі сонша, біз оған ақпан және наурыз айларындағы шығарылымдарды арнадық. Бұл санда біз мүмкіндігі шектеулі студенттердің нәтижелерін қалай жақсартуға болатынын, әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ортадан жастарды кәсіптік білім беру саласына спорттың көмегімен қалай тартуға болатынын білетін боламыз және инклюзивтік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мысалдарына талдау жасаймыз. 

Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған бағдарлама

Ұлыбританиядағы Британдық Foxes Academy мүмкіндігі шектеулі студенттердің кәсіптік білім алуына және жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Оның білім беру бағдарламасының төрт стратегиялық қағидаттары туралы оқыңыздар.