«Vocational Education Exchange» журналының соңғы сандарында жұмыс орындарындағы кәсіптік білім беру курстары студенттердің жұмысқа орналасуы үшін дайындалуға көмектесетіні туралы бірқатар мақалалар жазған болатынбыз (сілтемелер осы беттің төменгі жағында берілген). Осы айда біз  Foxes Academy (Фоксиз Академи) мүмкіндіктері шектеулі студенттермен жұмыс істеу кезінде осы амалды қолданатыны туралы білетін боламыз.

Foxes Academy Сомерсет графтігіндегі абыр-сабырлы туристік қаланың жағажайында орналасқан және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кәсіптік білім алу бағдарламасын жұмыс істеп тұрған қонақүйде өткізуді ұсынады.

Академия қоғамдық тамақтандыру және қонақүй бизнесі саласында жұмыс тәжірибесі мен тиісті біліктілік алу мүмкіндігін береді. Оқушылардың жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыруға тырысып, академия олардың өз-өзіне неғұрлым сенімді болуға және өзі қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілікте болуға көмектеседі.

Мүмкіндіктері  шектеулі студенттермен жұмыс істеу кезінде Foxes Academy негізгі төрт қағидатты қолданады:

Жұмыс ортасында оқыту

Foxes Academy өзінің білім беру бағдарламаларын жұмыс істеп тұрған қонақүйде өткізеді, сол арқылы олар курстың ең басынан бастап студенттерді жұмысқа баулиды. Студенттерге тамақ дайындау мен бөлмелерді жинауды қоса алғанда, нағыз жұмысты орындау мүмкіндігі барынша тезірек беріледі.

Алдымен оқушыларға үлкен қолдау керек болады, ал студенттер алған дағдыларын бекіткен сайын қолдауға деген қажеттілікке көзқарас қайта қаралады немесе азая түседі.

Жұмыс ортасында оқыту студенттерге алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектеседі. Сол сияқты бұл оларға клиенттердің шағымдарымен жұмыс істеу және қателіктерді жою сияқты қиын салаларда тәжірибе жинау мүмкіндігін береді.

«Біздің студенттерді кәсіптік оқытудың табысты болуының аса маңызды факторы - оқытудың нақты жұмыс ортада нағыз клиенттермен өтуінде екендігіне біз сенімдіміз. Студенттердің бойына этиканы және уақтылы келіп-кету, командада жұмыс істеу, клиентке қамқорлық таныту және сыртқы жағымды бейнесі мен түрі  сияқты жұмыс қағидаттарын сіңіре отырып, біз олардың колледжді бітірген кезде тұрақты жұмысқа орналасуына көмектесеміз», - дейді қаржыландыру және  маркетинг бойынша директор Кэрри Маккарти.

Тағылымдама өткізетін жерлерді іріктеп алу

Тағылымдама өткізетін жерлерді іріктеп алу

aЖұмыс ортасынан басқа, академияда студенттер қонақүйден тыс жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайды. Тағылымдама өткізілетін жерлердің барлығы әр студенттің мұқтаждықтарына сәйкес іріктеледі: тағылымдама міндеттері нақты өмірге сай келеді және студенттердің жеке мақсаттарына тікелей байланысты. Мектеп жұмыс беруші ұсынуы мүмкін кәсіптік тәжірибе оқушылардың қажеттіліктері мен арман-мақсаттарына сәйкес болуына қамқорлық жасайды.

Академия сол сияқты тәлімгерлік пен тағылымдамаға дейін және одан кейін қолдау көрсетуді ұсынады. Академия, жұмыс берушілер және басқа оқу орындары кері байланыс бен жұмыс берушінің байқағандары қонақүйдегі оқыту бағдарламасына әсер ететін ынтымақтастыққа ұмтылады.

Тәжірибелі қызметкерлер

Тьюторлардың барлығының қонақүй бизнесінде және қоғамдық тамақтандыру саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ оқытушылардың кәсіптік білім беру саласында тиісті біліктілігі бар болады. Бұл олардың қонақүйді басқаруда және студенттерге кәсіптік дағдыларды үйретуде сарапшы (олар каникул кезінде қонақүйді басқаруды жалғастыра береді)  болып табылатынын көрсетеді.

Тьюторлар саладағы жетекші ұйымдарға барып және оларда тағылымдамадан өтіп, сектордағы жаңалықтарды қадағалап отырады. Сондай-ақ олар өздерінің білімдері мен дағдыларын тұрақты түрде жақсартып отыру үшін ғылыми конференцияларға және тренингтерге қатысып тұрады және академияға жаңа идеялар мен көзқарастар әкеледі.

Студенттер мен жұмыс берушілердің байланысы

Академия өз міндетін студенттерді оқытуда деп қана емес, курсты аяқтағаннан кейін олардың жұмысқа тұруын ұйымдастыруда да деп санайды және бұл мақсатқа бірнеше жолмен жетеді.

Колледжде каникул болған кезде студенттерге өздерінің үйінен алыс емес жерден жұмыс орнын табу ұсынылады. Оларға өтініш жазуға және әңгімелесу техникасын үйреніп, жаттығуға көмек көрсетіледі. Колледжде оқу аяқталардың алдында ықтимал жұмыс берушілермен неғұрлым тығыз байланыс орнатылады.

Академия ықтимал жұмыс берушілермен неғұрлым тығыз байланыс орнатуға тырысады. Мысалы, конференция немесе басқа іс-шаралар ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерге осы қонақүйді пайдалану ұсынылады.  Бұл жұмыс берушілерге академия студенттері ұсынып отырған қызмет көрсету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.   Сондай-ақ академия жыл сайынғы арнайы іс-шарада жұмыс берушілердің үлестерін атап көрсетеді.

Білім беру саласындағы стандарттар жөніндегі комитет (Ofsted) ұсынған ҒА бағдарламасының толық шолуын осы жерден оқи аласыздар.

Foxes Academy туралы оның вебсайтынан көбірек оқып, білуге болады.

Егер де сіз мақалаға пікір қалдырғыңыз келсе, бізге VEE@britishcouncil.org мекенжайы бойынша хат жазыңыз да талқылауға қатысыңыз. Егер де өзіңіздің мақалаңызды жібергіңіз келсе, оны қалай істеуге болатыны туралы осы жерден біле аласыз.