Ұлыбританияның білім беру саласындағы қайырымдылық ұйымы жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ортадан кәсіптік білім беру саласына тарту үшін Премьер-лига футбол клубтарымен ынтымақтастық жасайды.

Leadership Through Sport & Business (LTSB) («Лидерство через спорт и бизнес» - «Спорт пен бизнес арқылы көшбасшылық) британдық қалалардың қолайсыз аудандарындағы мектептердің 16 мен 24 жас арасындағы түлектеріне бухгалтерлік есеп, бизнес және қаржы саласында кәсіп алу мүмкіндігін береді.

Ұйым ерекше ұстанымды  қолданады: оқушыларды жетекші компанияларда тағылымдамадан өткізуге дайындауға «Челси», «Вест Хэм» және «Астон Вилла» сияқты  атақты футбол клубтары қатысады.

«Футбол – жақсы ынталандырушы күш, – дейді бағдарлама директоры Кэролайн Эдейр.

– Біздің көптеген студенттерге білімін жалғастыру үшін қатарластарын тастап кету қиынға соғады». Премьер-лига футбол клубтарымен бірге жұмыс істеу мүмкіншілігі оларды ынталандырып қана қоймайды, өздерінің таңдауларын басқаларға негіздеп айтуға да көмектеседі.    

Студенттерді 16 айлық бағдарламаға жазады, оның алғашқы 4 айы жұмысқа тұруға дайындыққа арналған. Осы кезеңде студенттер Бухгалтерлік есеп бойынша мамандар қауымдастығының 2-ші деңгейлі біліктілігін алу үшін аптасына үш күн колледжде оқып, ал қалған күндері  LTSB мен футбол клубтары дамытатын сабақтар, өмірде қажетті және жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыратын дағдыларды дамытуға арналған тренингтер өткізеді, сондай-ақ  Sports Leadership немесе LTSB футбол қауымдастығының 1-деңгейдегі жаттықтырушы біліктілігін алу үшін дайындықтар өткізеді.  Бұдан кейін  студенттер, колледждегі оқуын жалғастыра және кәсіби даму бойынша LTSB-дан сабақтарды аптасына бір рет алып, сонысымен бос уақытында футбол клубына ерікті түрде  көмектесе отырып, Бухгалтерлік есеп бойынша мамандар қауымдастығының 3-ші деңгейлі біліктілігін алу үшін ақылы тағылымдамадан өтеді.

Футбол  клубында жұмыс істей отырып, студенттер балалар мен жастарға арналған сабақтарды жоспарлайды және жүргізеді, сондай-ақ  британиялық қалалардың қолайсыз аудандарында іс-шаралар ұйымдастыра отырып, Kicks Премьер-лигасының футбол бағдарламасына қатысады. 

Адом Акуамоа, 16 жасында Ганадан Ұлыбританияға эммиграция жасаған:

«Маған «Вест Хэм Юнайтед» клубында оқыған ұнайды. Балалармен жұмыс істеу шындығында да қиын: бұл үшін ұсақ-түйектерге назар аудару керек, адамдармен қатынас жасау дағдылары және өзіне деген сенім керек. Мен бұл дағдыларды жұмыста қолдана алдым». 

Британиялық  қалалардың әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз аудандарындағы жастарды жұмысқа тұруға дайындау шеңберінде бұл бағдарлама студенттердің өз орталарында өздерін сенімді сезінуіне көмектеседі.

«Біздің көптеген студенттер халықаралық банктердің немесе бухгалтерлік фирмалардың кеңсесі түгіл поезда көп жүріп көрмеген», - дейді Кэролайн. – Бағдарламадан өтетіндердің барлығы дерлік жұмыс істеуге дайын емес».

Бұған бағдарлама сәтті көмектеседі. 2012 жылдан бастап оған 200-ден астам студент қатысып, мектеп бітіргендердің 87 пайызы жұмыс тапты немесе колледждер мен университеттердегі оқуларын жалғастырды.

Бағдарлама көп жағдайда табысты мансап жасау мүмкіндіктерінен айырылған адамдарға көмектеседі. Қатысушылардың үштен бір бөлігінен көбі афроамерикандықтар немесе басқа аз ұлттардың өкілдері. Футбол мен бухгалтерлік есепте ер адамдар басым болғанымен, бағдарлама жас әйелдерді де тартуға тырысады. LTSB студент қыздарға арналған іс-шараларды арнайы ұйымдастырып, онда спикерлер әйелдердің  футбол мен бухгалтерлік есептегі жетістіктерін атап көрсетіп отырады.

Студент қыз Атера Рахман былай дейді: «Спикерлердің сөздері – бағдарламадағы менің ең жақсы көретін жерім… Біз әркімнен бір нәрсені үйреніп, өз өмірімізде қолдана алдық».

Бағдарлама директорымен әңгімеде  LTSB-ның мәселені тұтастай алып қарауды қолдайтынына және студенттердің бәріне, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз аудандардағы жастарға кей кезде қосымша қолдау мен консультациялар керек болатынына көз жеткізуге болады. LTSB командасы мүмкіндігінше колледждер мен футбол клубтарының қызметкерлерімен бірге студенттердің қиын жағдайларды еңсеруіне көмектесуге тырысады.

Алиса (аты өзгертілген) бағдарламаға түскенге дейін ұзақ уақыт бойы үйде зорлық-зомбылық көрген. Ол былай әңгімелейді:

«Мен LTSB мен «Вест Хэм Юнайтед» клубына ризамын! Бағдарлама менің өмірімді өзгертті. Мен ешқашан да бір мезгілде оқып, жұмыс істеймін деп ойлаған емеспін! Олар мен қуанған кезде де, қиналған кезде де жанымда болып, маған берілмеуді үйретті».

Өзінің Лондондағы және  Бирмингемдегі қызметіне қосымша бұл ұйым таяу арада  Манчестерде бағдарламаны бастады, сөйтіп студенттерге    «Манчестер Сити» клубымен жұмыс істеуді ұсынды. Тағы да жақын арада басқа клубтарды тартып, бұдан да көбірек жастарға спорт арқылы ықпал ету жоспарланып отыр.

Егер де сізді кәсіптік білім алуға студенттерді спорт арқылы тарту идеясы қанаттандырса, онда сіз сілтеме арқылы спорт мысалы арқылы жасалған математикалық есептерді таба аласыз.

LTSB және бағдарлама туралы олардың вебсайтынан көбірек білуге болады.

Егер де сіз мақалаға пікір қалдырғыңыз келсе, бізге VEE@britishcouncil.org мекенжайы бойынша хат жазыңыз да талқылауға қатысыңыз. Егер де өзіңіздің мақалаңызды жібергіңіз келсе, оны қалай істеуге болатыны туралы осы жерден біле аласыз.