Ұлыбританиялық мектептер, колледждер, университеттер мен оқытушылар кәсіптік білім беруде  олардың Қазақстан әріптестері сияқты осындай проблемалармен бетпе-бет келетініне сіздер таң қаласыздар.

Ұлыбритания колледждері соңғы жылдары қарқынды өзгерістерді басынан өткізді. Олар  ұдайы қайта құрылымдаудан өтіп, кенеттен қаржыландырудың қысқаруына тап болды.  Барлық проблемалар тек қана Ұлыобританияның проблемалары емес, олар бүкіл әлемде де тап осылай көрініс беріп отыр.  

Біз колледждер қауымдастығының директоры Джон Маунтфордтан сұхбат алдық. Джон аса құнды шешімді ұсынып, 20 жылдан астам тәжірибеміз бола тұрып, біздің әрі қарай қалай жылжитынымыз туралы ой толғайды.  

ҰЛЫБРИТАНИЯ КОЛЛЕДЖДЕРІ БҰЛ ПРОБЛЕМАЛАРДАН ҚАЛАЙ ШЫҚТЫ?

Қанша ақылға сыймаса да, қазіргі заманғы жалғыз амал  – өзгерістер сияқты.  Британиялық колледждердің орнықсыз ішкі саясат пен қаржылық ортаның тұрақсыздығын бастан кешуге тура келді. Алайда, кәсіптік білім беру секторы оны нық сенімділікпен және әрекет жасауға дайын күйінде қарсы алды.  Біз өнертабыс жасауға мәжбүр сектормыз және соның нәтиесінде колледждер тез бейімделіп, біздің басымызға түскен саяси қысым мен қысылтаяң жайларға жауап бере алды. Институттық деңгейде біздің  көшбасшылығымыздың және колледждерді басқарудың автономды  моделі өзгерістерге іс жүзіндегі және оңтайлы жауап беруді қолдайды. Бұл модель де кәсіпкерлік рухын жасауға және бейімделу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді, олар жауапкершілік сезімімен және мемлекеттік сектор алдындағы жауапкершілікпен бекітіледі.  Бұл модель іс жүзінде өзгеріп тұратын талаптарды инновациялық тұрғыдан шешуді ілгерілетуге өте жақсы әсер етеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Халықаралық серіктестермен жұмыс істеу колледждер жұмысының аса маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Біз  студенттерді жаһандану жағдайында табысты болуға үйретеміз және біз үшін студенттердің трансұлттық ортада табысты болуға қажетті дағдыларға ие деген сенімде болуымыздың маңызы аса зор.  Халықаралық әріптестіктер оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етуге көмектеседі, оны пайдалана отырып, студенттер өз дағдыларын дамыта алады. Халықаралық әріптестіктер  колледждерге өздерінің халықаралық  идеялары мен амал, тәсілдерін ұсына алады, бұл сектордағы сараптаманың сапасы мен деңгейін арттыру үшін аса қажет. Халықаралық қызмет сонымен бірге колледждердің «жүйе –жүйеге» әдісі бойынша үлкен бағдарламаларға тартылуына және Ұлыбританияның кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы басқа да мүдделі тараптармен тығыз байланыста жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Және ақыр аяғында, халықаралық әріптестіктер колледждер бағдарламаларын халықаралық деңейлерге ілгерілетуге көмектесе алады, өз кезегінде бұл бізге өзіміздің студенттік аудиториямызды кеңейтуге жол ашады. 

КОЛЛЕДЖЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ  ДИРЕКТОРЫ РЕТІНДЕ СІЗДІҢ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАҒА ДЕГЕН НЕГІЗДЕЛГЕН КӨЗҚАРАСЫҢЫЗ БАР. БРИТАНИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР ҮЗДІК ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ МӘНІ БАРЛАРМЕН НЕ ІСТЕЙДІ?

Колледждерді басқарудың және көшбасшылықтың автономды, ыңғайлы және бейімделгіш моделі британиялық колледждердің экономикалық өзгерістер мен индустрияның мұқтаждықтарына қарай әрекет жасауға мүмкіндік береді. Біз индустрия айқындаған және жұмыс берушілер иек артып отырған біліктілік талаптарына сай стандарттар негізіндегі оқыту бағдарламаларын іске асырамыз. Колледждердің оқыту сапасына деген орнықты амалдары бар, олар білім алушылар, жұмыс бола ма, әлде әрі қарай оқу бола ма, соларға қарамастан, келесі қадам жасауға дайын екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.     Колледждер өз кампустарын қазіргі заманға лайық жабдықпен және студенттер болашақта жұмыс істеуге дайындалып жүрген қазіргі заманғы қолайлы жайлары бар жұмыс ортасын көрсету үшін индустрия мен мемлекеттік  сектордағы серіктестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Британиялық  колледждер секторы техникалық сарапшылар болып шығатын, сондай-ақ кейіннен өздері сабақ беру үшін оқып жүрген  кәсіби жұмысшы кадрларды  дуальдық оқытуды қолға алған.   Колледждер сондай-ақ, өз студенттеріне болашақта керек болар кәсіптік-техникалық дағдыларды үйретуге және қалған өмірінің бәрінде қажет болатын жұмысқа орналасу дағдыларын үйретуге бейім.   Бұған оқыту бағдарламасына кең қолданыста болатын дағдыларды, кәсіпкерлікті және жаһандық дағдыларды  түзу кіреді.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫЛАРЫ БАР ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ІЗДЕП ЖҮРГЕНДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТСА ДА, ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІН КӨРСЕТЕТІН ЕҢБЕК НАРЫҒЫ АҚПАРАТЫНАН СІЗДІҢ ХАБАРЫҢЫЗ ЖОҚ. БРИТАНИЯНЫҢ КӘСІБИ ДАМЫТУ ҰЙЫМДАРЫ АҒЫМДАҒЫ ДАҒДЫЛАРҒА МҰҚТАЖДЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАЛАЙ ШЕШУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР?

Колледждер өздерінің студенттерді индустрияға қажеттті дағдылармен қамтамасыз ететін курстар түрлерін жүргізіп отырғандарына көздерін жеткізулері үшін   жұмыс берушілермен тығыз жұмыс істейді. Жұмыс оқу мен жұмыс байланысты болатын халықаралық оқыту бағдарламалары арқылы үйрететін бағдарламалар деңгейінде жүзеге асырылады.   Мұндай оқытудың айқын мысалы шәкірттік бағдарламаға қазіргідей бағдарлану бола алады. Мұндай ынтымақтастық индустрия стандарттары айқындаған біліктіліктер мен оқыту бағдарламасымен жүйелік деңгейде бола алады.  Сондай-ақ ынтымақтастық жергілікті деңгейде немесе жергілікті кәсіпкерлердің серіктестіктерін тарту арқылы өңірлік деңгейлерде  болуы мүмкін.    Колледждер сонымен бірге жұмыс берушілермен де, білім беру мекемелерімен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.   Жұмыс  берушілер колледж басқармасында, арнайы оқыту бағдарламаларын әзірлегенде және дағдыларға қажеттіліктерді талқылау жөніндегі жүйелі кездесулерде  түйінді рөл атқарады. Колледждер индустрия мұқтаждықтарына қарай ғана әрекет етпей, нарық мұқтаждықтарын түсінуде, соған сәйкес әрекет етуде де белсенді болуға тиіс.  

СІЗ КӨПТЕГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ. ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖӘНЕ БҮКІЛ ӘЛЕМНІҢ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА СІЗ ҚАНДАЙ ҮРДІСТІ БАЙҚАП ЖҮРСІЗ? 

Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (ТИПО) жұмыс берушілердің мұқтаждықтарын көрсетіп, студенттерді жұмысқа тұру үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз етуге көмектесетін белгілі бір бағдарламаларды іске асыру арқылы индустрияға жақындай түсу жақсы үрдісі байқалады.     ТИПО-лардың тікелей мемлекеттік бақылаудан сәл босатылуы және неғұрлым автономиялық модельдің күшейтілуі ТИПО мекемелеріне анағұрлым ыңғайлы әрі бейімделгіш болуға мүмкіндік береді.   Жаһандану ТИПО-ның бүкіл әлемде трансферабельдік оқыту мен біліктілікті ілгерілететін  трансұлттық модельдеріне деген сұраныстың көбеюіне әкелді. Сондай-ақ, білімдер экономикасын қолдау мақсатында кәсіптік-техникалық білім берудің анағұрлым жоғары деңгейіне деген сұраныс бар және де бұл сұраныс кәсіптік және академиялық білімнің арасындағы дәстүрлі шекараларды шайып кетіп отыр.  

СІЗ СТУДЕНТТЕР ШЫН МӘНІНДЕ ДЕ ПАЙДА КӨРГЕН КОЛЛЕДЖДЕР ПРАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР  ОҚИҒАНЫ АЙТЫП БЕРЕ АЛАСЫЗ БА?

Мен колледждердің ұдайы өзгеріп тұратын өмірлері өздерінде білім алып жатқан жастарға қалай әсер ететінінен ұдайы шабыталамын.   Нақты мысалдарды бөліп айту қиын, бірақ біз таяуда еш жерде оқымайтын және еш жерде жұмыс істемейтін жас адамдармен байланыс орнатуға арналған ортақ ұстанымдар бойынша Еуропалық одақтың жобасын өткіздік  .    Мен біздің колледждердің жұмыстың қаншалықты күрделі және ауыр болатынына қарамастан,  халқымыздың барлық топтарымен жұмыс істеуге  бейіл екендігіне шынайы таң қалдым.   Жеке менің өзіме келетін болсақ, мен жұмыс мансабымды колледжде, Ұлыбританияға Косоводан енді ғана келген студенттермен  бастадым.  Мен жұмысымды колледждердегі біздің қоғамдастыққа келген студенттердің бойлары үйренуін қолдауға арналған  зор ынта-ықыласпен бастадым.

СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗ ҚАНДАЙ ЕКЕНІН АЙТЫҢЫЗШЫ:  'VOCATIONAL EDUCATION EXCHANGE' ЖУРНАЛЫНЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАНДАЙ ПАЙДА КЕЛЕДІ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ?  

Өз әріптестеріңнен үйрену және олармен білім алмасу мүмкіндігі кез келген кәсіби дамудың аса маңызды бөлігі болып табылады.  Ал мұны әлемдік деңгейде, British Council-мен жұмыс істесу арқылы жасау аса бағалы, әсіресе қазіргі заманғы әлемде солай.  ТИПО кәсібилері жаһандық тұрғыдан ойлаулары керек және осы интернет-журнал сияқты кәсіптік желілерге қосылулары керек, өйткені ТИПО саласы барған сайын жаһанданып барады және біз студенттер сондай болады деп дайындап жатқан жұмыс күштері бүгінде бүкіл әлемдегі жұмыс берушілермен байланыста.