Ай сайын біз тәжірибелік материалдар мен пайдалы, қызықты ресурстар мен мақалаларға қажетті сілтемелерді жариялап отырамыз. Өзіңізге  қажетті материалды алып отыруыңыз үшін журналдың күнделікті жіберіліміне жазылыңыз! 

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ  ҚОРЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫ

 Білім беру және кәсіби дайындық қоры өз ресурстарымен бізбен бөлісуге ілтипатпен келісті. Сіздер олардың Excellence Gateway и FoundationOnline вебсайттарында тіркеліп, қажет ақпарат пен оқу материалдарын ақысыз түрде ала аласыздар!

http://www.excellencegateway.org.uk/

http://www.foundationonline.org.uk/

СТУДЕНТТЕР ДАУЫСЫ

Сіздерге қызық болатын мақалалардың бірі   Ливерпуль колледжінен келген, онда сіздердің студенттермен пікірлерін білуге, олармен қарым-қатынасты жетілдіріп, кері байланысты орнатуге арналған, олардың ойларын білудің инновациялық әдістері ұсынылады.

Харроу колледжі де осы айда шыққан интернет-журналда Рошни Ракхани есімді студетпен өткен сұхбат арқылы студенттердің пікірлері туралы тамаша үлгі көрсеткен.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ  МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Ағылшын тілін оқытумен айналысатын жазылушылар, Албания командасының MASH-пен бірлесе жасаған материалдарына назар салуларына болады. Олар өз материалдарын дайындау барысында ағылшын тілін оқыту және  ақпараттық-коммуникативті технологиялар (АҚТ) бағдарламасына сәйкес нарық экономикасына кірістіре отырып жасап шығарған.