WorldSkills қозғалысы дүниежүзі бойынша жас мамандар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтады. Назарларыңызға алдына қойған мақсаты биік,  Қазақстанның жас киім дизайнерін ұсынамыз. Ол өз арманын жүзеге асыру үшін, халықаралық кәсіби сайысқа қатысуды жөн көрген. 

 18 жасыңызда қандай кәсіппен өмір бойы айналысқыңыз келетіні жайында сіз білдіңіз бе? Осындай бақытты жандардың бірі Шымкенттік Юлдыз Мурзахметова.

18 жасар бойжеткен алдына қойған мақсаты мен арман болған жұмысы жәйлі нақты біледі. «Ең алдымен мен ата-анамның кеңесі бойынша колледжге түстім, қазір ақырындап киім дизайнымен айналысып жүрмін. Мен осы салада өзіме ғана тән жаңа бір ерекшелікті енгізгім келді. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін мен әр-түрлі сайыстарға қатыса бастадым, осы арқылы өз күшіме сеніп, болашақта таңдаған мамандығымның дұрыс екеніне көз жеткіздім.» 2016 жылдың қыркүйек айында Юлдыз WorldSkills Kazakhstan 2016 чемпионатының аясында өткізілетін киім дизайны сайысында бірінші орынды иеленді. 

Қазақстан WorldSkills International қозғалысына  2014 жылы қосылып, оның жетпісінші қатысушы атанды, осы жылы екінші ұлттық чемпионат өтті.  Халықаралық WorldSkills чемпионаттары дүниежүзі бойынша екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Мұнда жас мамандар өздері таңдаған мамандықтары бойынша ең үздік атағы үшін сайысады.

Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған отыз мемлекет қатарына кіруді жоспарлап отыр, ал ол үшін жоғары білікті мамандар қажет. Еліміз кәсіби білім беру және оқытуды бизнеспен жүйелі түрде үйлестіріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік  мұқтаждықтарына жауап беру білу керек.  

Сондай-ақ қазақстандық жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесі  тұр.  WorldSkills қозғалысы білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, елімідің білім беру және кәсіби стандарттарын жаңалап, білім беру саласына жаңа технологияларды енгізуді және жастар арасында таңдаған болашақ мамандығы мен қызмет жолы  бойынша кеңес беру жұмыстарының сапасын көтеруді көздейді.  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі WorldSkills Kazakhstan 2016 чемпионатын өткізуді «Кәсіпқор»Холдинг» ҰАҚ-на жүктеді. Алғашқы WorldSkills Kazakhstan чемпионаты 2015-ші жылы өтті. Оған 70 үміткер қатысып, келесі құзіреттіліктер бойынша сайысты : ол металл жонушы, дәнекерлеуші, кірпіш қалау, бояу және декоротивті жұмыстар, шаштараз ісі, мейрамхана ісі, желілік және жүйелі әкімші. Ұлттық чемпионат жеңімпаздары Қазақстанды Сан-Паулодағы (Бразилия)  WorldSkills International тарихындағы ірі халықаралық іс-шарасында танытты. Оған дүниежүзінен  1200-ден аса жас мамандар қатысты.  

Халықаралық сайысқа қатысу бүкіл қазақстандық команда үшін,  олардың ұстаздары мен кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы жауапты адамдар үшін де өте маңызды болды. Олар әлемнің үздік жетістіктері және озық тәжірибелерімен жақын танысып, оны өз елінде ендіруге мүмкіндік алды.  

Осы жылы «Кәсіпқор» WorldSkills Kazakhstan 2016 чемпионатына  сегіз қосымша құзіреттілік қосты. Келесі жылы 20 мамандық ұсыну жоспарланып отыр, ал бірнеше жылдан соң WorldSkills International қамтыған барлық мамандықтар енбек. Қазақстанда жыл өткен сайын көптеген колледждер чемпионатқа байланысты қызығушылығын білдіріп, көптеген жұмыс берушілер де оны ұйымдастыруда белсенділік танытып, қатысушыларға өз алаңдарын ұсынуда. Чепионаттың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандығын игеруге қатысты талпынысты күшейту. Бұл өз кезегінде болашақ жұмысшы үшін де, сондай-ақ еліміздің жұмыс берушілері үшін де пайдалы. 

WorldSkills Kazakhstan 2016 жеңімпаздары қараша айында Швецияда өтетін EuroSkills және WorldSkills Abu Dhabi 2017 чемпионаттарына қатысады. Юлдыз солардың қатарында. Ол алға қойған мақсатының жолында тынбай еңбек етуге әзір.