Техникалық және кәсіби білім берудің маңыздылығы соңғы талқылаулардың  өзегіне айналды. Экономикалық ықпалдастық және даму Ұйымының (ОЭСР) және Ұлыбританияның колледждер қауымдастығы біраз уақыттан бері кәсіби білім беру мен оқыту сапасын көтеру жәйлі дабыл қағуда. Ұйымдар, осы айтылған мәселелерді ескермеу бүкіл әлемде Ұлыбританияның бәсекеге қабілеттілігіне және өндірістік қабілетіне  үлкен қауіп төндіреді деп отыр.

Бірақ техникалық білім беру қандай болуы тиіс деген сауал осы күнге дейін талқыланып, әлі де ашық күйде қалып отыр. Бүгінгі таңда  техникалық білім берудің өмір сүру әлеуеті бойынша  шағын зерттеулер жасалып, оның қорытындысы бойынша білім берудің бұл түрін жеке жүйе ретінде  емес, кәсіби білім берумен қатар алып жүру керек екендігі тағы да бір рет анықталған. 

ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУДІ САПАЛЫ ЕТЕТІНДЕР НЕ?

Ұлттық қордың 2015 –ші жылдың соңында жарияланған, техникалық білім беруге қатысты  педагогикалық зерттеулер есебінде (The National Foundation for Educational Research) білім беру мен оқытудың сапасын жоғарлатуға байланысты бірқатар мысалдар келтірілген.  Есепте сапалы кәсіптік-техникалық білім беру де, оқыту мен білім берудің басқа да сапалы түрлері сияқты маңызды алғышарттарға ие екені айтылған.   

Басқаларға қосымша  ол нақты бағытты көздейтін және ынталандыратын білім беру болуы тиіс; жетістікке жету мәдениетін қалыптастыру; білім алуға мүмкіндік беретін орта; білім алуды қолдау; интерактивті білім беруге ұмтылу. Білім беру инновациялық жаңалықтарға ашық болуы тиіс,  ұстаздар нақты пәндер бойынша жоғары білікті болып, осы білімдерін  оқушыларға дұрыс бере алатынына сенімді болуы тиіс.

 Алайда, курстың маңызды бөлігі ол таңдап алынған кәсіби саланы  оқыту мен сабақ берудің контекстуализациялық маңыздылығы. Нәтижесінде курстың мазмұны мен сабақ беріп, оқытудың жолдары, оқушының таңдап алынған саласын барынша қолдап  реконтекстуализация жасауы тиіс.

Әдеби дереккөздерге жасалған  сараптама дәлелдеп отырғандай,  кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде оқушы қабылдаған ақпаратты оңай қаылдауы үшін, сабақ түсінікті болу үшін  оқыту бірізді (циклды) болуы тиіс делінген. Оқушылар сондай-ақ бойында педагогикалық білімімен қатар кәсіби индустрия белгілеген стандарттарға сәйкес сараптама жасай алатын қабілеті бар ұстаздардан нақты пайда көреді. 

МОДЕЛЬ

Жоғарыдағыны ескере отырып,  педагогикалық зерттеулер Ұлттық қоры арнайы үлгі, «қат-қабат» формадағы немесе «садақ» формасындағы диаграмманы  ұсынды (есептің төмендегі сілтемесін қараңыз). Бұл белгіге сәйкес онда техникалық білім беру мен оқытуды барынша түсіну және жетілдірудің үлгілері көрсетілген. Қат-қабаттың нақ ортасында  негізгі алушы ретінде және  білім беру мен оқытудың клиенті ретінде оқушы тұр.  

Келесі қабаты арнайы мамандандыоылған кәсіптік-техникалық және кәсіби білім алуды ілгерілету мақсатында алынған  сапалы орта білім мен тұтастай алғандағы жалпы сапалы  білім берудің алғышарттары мен  белгілері берілген. Бұл өз кезегінде оқуға деген бірегей және икемді инновациялық тәсілдерді қажет етеді; оқушы мен мұғалімнің арасындағы жақсы қарым-қатынастың қалыптасуын; және нақты бағытты көздейтін ынталы ортаның қалыптасуын мақсат етеді.  

Сыртқы қабаты кәсіптік-техникалық білім берудің белгілерін нақтылап, оқушының оқудан қанағаттану аспектілерін ерекшелейді; сондай-ақ өндірістік сала стандарттарының алаңдары мен ресурстарына қол жеткізу; контекстуализация; оқудағы бірізділікті қалыптастыру; бағдарлы  қауымдастық; және жұмыс берушілерді кірістіру де  өте маңызды.  Оқушылар оқудың жұмыс істеу дағдыларын дамытуға қаншалықты әсер ететінін түсіп, жоғары сапалы білім алуға барынша ұмтылулары қажет.

КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚ

Есепте сол сияқты  Ұлыбританияның одан ары қарай білім беру колледждері техникалық білім берудің негізгі провайдерлері ретінде даму үшін  барын салуы керек екені аталып өткен.  Осы мақсатты жүзеге асыру үшін колледждер Қауымдастығы өз мүшелері арасында аудит өткізіп, техникалық білім беретін оқытушылар арасындағы 3,4,5 (Level) деңгейінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін анықтап, осы саладағы үздік тәжірибе алмасу жұмыстарын жасауы керек.

Ұйым сондай-ақ қызметкерлердің өз кәсіби саласындағы соңғы білім мен дағдылардан әрдайым хабардар болуы тиіс болғандықтан, олардың кәсіби біліктілігін көтеруді үнемі талқылап отыру керек, өйткені олар. Есеп нәтижелеріне сәйкес, мұғалімдер, жаттықтырушылар немесе мекемелер жұмыс берушілермен және осы сектор ұйымдарымен тұрақты қарым-қатынас және байланыс орнататын уақытқа ие болу керек. Педагогика жұмыс орнындағы тәжірибемен ұштасып жатса, бұл педагогтар мен жаттықтырушыларға бағдарлы қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ техникалық білімді барынша толыққанды беру мен оқытудың жолдарын дамыту, болашақтағы техникалық білім талаптарына сай келуге септігін тигізетіні анық. 

Тами Маккроун, Педагогикалық зерттеулер жөніндегі ұлттық қордың аға менеджері және осы есептің авторларының бірі 

Ұлыбританияның колледждер қауымдастығының тапсырысы бойынша, Педагогикалық зерттеулер  жөніндегі ұлттық қор  Техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі алғышарттары мен белгілерін анықтау үшін әдебиетке бір шолу жасап шықты. Бұл шолу 2015 жылдың шілде және қыркүйек айлары арасында өтті. 

Сыртқы сілтемелер