Қазан айына арналған Vocational Education Exchange іс-шарасына қош келдіңіздер. Бұл жолы талқылаудың тақырыбы жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу мәселесі болмақ. Бізде Ұлыбританиядағы осындай бастамалардың мысалдары бар, олар жұмыс берушілер мен оқу орындарының тиімді ынтымақтастық құра алатынын, сөйтіп өнімділікті арттыратынын және жастарға табысты мансабын бастауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Біз кәсіптік-техникалық оқу және тағылымдама бағдарламаларын таңдайтындарға арналған Т деңгейіндегі жаңа мамандықтарды, біліктілікті жоғарылату жөніндегі органдардың жұмысын, машықтар конкурстарының маңызын, бағаны жақсартуды, сондай-ақ колледж бен ірі жұмыс берушінің қатысуымен кәсіптік машықтарды дамыту бағдарламасының мысалдарының бірін қарастырамыз.

Бұл сіздерге талқылауға ұсынылатын идеялар мен тақырыптарды табуыңызға көмектеседі деп үміттенеміз».