Ұлыбританияның барлық жерінде кәсіби-техникалық білім беруде терең өзгеріс болып жатқаны байқалады: тағылымдамадан өтудің жаңа стандарттары, жұмыс берушілерге салынатын жаңа салық енгізілуде, жастар үшін қолжетімді жаңа техникалық мамандықтар пайда болуда. Өнеркәсіп секторындағы кәсіби машықтар мен стандарттар федерациясының саясат жөніндегі директоры Ана Кавилла осы ұйымның барлық мүдделі тараптарға ақпарат алу және өз мүддесін қорғау жағынан қалай көмектесетіні туралы әңгімелейді. 

Кәсіптік-техникалық білім және тиісті оқу базасы үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Мұнда оқу орындары да, жұмыс берушілер де әлі біраз нәрсе істеуі керек, бұл: 

  • тағылымдаманың жаңа стандарттары
  • жұмыс берушілерге тағылымдама үшін салынатын салық енгізу 
  • 2019 жылдан бастап жоғары білім берудің жаңа нұсқалары («Т деңгейі»).

Дегенмен кейбір іргелі нәрселер өзгермейді – жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы диалог өте маңызды. Жұмыс берушілер үшін бұл оңай, оларды әдетте екі сұрақ қызықтырады: 

  • бұл оқу менің кадрларымның қажеттіліктеріне сәйкес келе ме?
  • не болып жатқанын қалай қадағалай аламын? 

Бірақ оқу орындары бұл сұрақтарға әркез жауап бере алмайды немесе жауап бергілері келмейді. 

Секторда кәсіби машықтарды дамыту жөніндегі органдар әлі де Англиядағы реформаланған тағылымдама бағдарламасын әзірлеу мен енгізуге белсенді түрде қатысып жатыр. Олар жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы ресми пікірталастың негізін дайындайды. Олар жаңа жаңашыл топтарды құру жағынан олармен бірге жұмыс істейді және тағылымдаманың жаңа стандарттары қажет болған жерде кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарттарын бейнелеуін қадағалайды. Бұл жұмыс берушілер үшін икемділік пен ұтқырлықты қамтамасыз етеді. Осылайша, олар бірінші сұраққа жауап беруге көмектеседі.  

Ірі жұмыс берушілер үшін тағылымдамаға салық енгізілгеннен кейін және салық салынбайтын компаниялар тарапынан 10% мөлшерде күтілген тең инвестиция салынғаннан кейін олар білім беру секторы көрсететін қызметтердің талғампаз тұтынушысына айналды және де олар өз пікірінің ескерілгенін қалайды. Енді жұмыс берушілер реформаланған тағылымдама бағдарламасы бойынша оқыту мен бағалауға қатысты белсенді сатып алушы болып табылады, мұның өзі жағдайды қиындатып отыр. 

Осыған байланысты басқа да бірқатар сұрақтар туындап отыр: 

  1. менің тағылымгеріме баға беру үшін қандай ұйымға жүгінген дұрыс? 
  2. ол мен таңдаған оқу орнымен ынтымақтастық жасай ма? 
  3. олар бағалауды орталықтарда әлде орын-орында өткізе ме?
  4. оларда менің саламнан хабардар білікті мамандар бар ма екен? 

Ұлыбританияда кәсіби бағалаушылар қауымдастығы болып табылатын жаңа кәсіби орган – Бағалаушылар гильдиясы құрылды. Оның мақсаты – бағалаудың және оқытудың барлық түріндегі бағалаушылардың оқушылар мен жұмыс берушілер күтетін жоғары стандарттарға сай келуін қамтамасыз ету. Орган мүше болу негізінде құрылды, оның барлық мүшелері өз құзыреттін растауға тиіс, осылайша Ұлыбританияда стандарттау болады.   

Аталмыш оқу орнында қандай оқыту жүргізіледі деген екінші сұраққа жауапты ACE360 арқылы алуға болады. Бұл көптеген дерек көздерін біріктіретін және пайдаланушыға байланысты жеке ақпарат алу мүмкіндігін беретін қорғалған жүйе. Осылайша, жұмыс беруші өз тағылымгерінің кез келген оқу саласындағы ілгерілеуін қадағалай алады. 

Осы қызметке жұмыс берушілердің тиімді қатысу мәселесі әлі де өзекті болып отырғанымен, Өнеркәсіп секторындағы кәсіби машықтар мен стандарттар федерациясы (кәсіби машықтар бойынша өзінің органдар желісі, Бағалаушылар гильдиясы және ACE360 арқылы) оқыту мен бағалаудың сапасы оқу орындары мен жұмыс берушілердің сенімін ақтау үшін оларға осы өзгерістер кезеңінде қажетті қолдау көрсетеді деп үміттенеді.  

Сыртқы сілтемелер