Тағылымдама Ұлыбритания экономикасының негізі болып табылатын машина жасау секторында біліктілікті арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Осы материалда Солтүстік-Шығыс аймақтың ең ықпалды бизнесмендерінің бірі және Ford Engineering басқарма төрағасы Джеф Форд тағылымдаманың оның компаниясының, машина жасау секторының және жалпы аймақтағы бүкіл өнеркәсіптің табысына қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді. 

Англияның солтүстік-шығысы өнеркәсіптік өндірісімен танымал. Мұнда Ford Engineering, Nissan, Siemens, Hitachi, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша сұранысқа ие, қосылған құны жоғары өнім өндіретін көптеген белсенді шағын компаниялар бар. 

Тағылымдама осы табыс тарихында басты рөл атқарды. Ондаған компания жаңа кадрларға ие болды және өздерінің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырды. 

Академияны ұйымдастыру кезінде Гейтсхед колледжімен ынтымақтастық жасауымыздың себебі міне осында. Жастар қарқынды оқудан өтуден және фрезерлік, жону білдектерінде жұмыс істеуден бастап, CAD пайдалана отырып машина жасауға арналған сызбаларды құруға дейін, тағылымдама үшін қажетті машықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Оларды сондай-ақ жұмыс орнындағы еңбек және денсаулық қорғау ережелеріне, өзін инженерлік есептерді шешуге қалай дайындауға болатынын және математикалық есептер мен есептілікті қалай рәсімдейтінін үйретеді. Бағдарламаның басты элементі – оқушылар жұмысқа орналасуға дайын болуы және жұмыс берушілер олардан нені күтетінін толық елестете алуы тиіс. Яғни, тағылымдама басталғанға дейін олар осының барлығын білуі тиіс. 

Әрине, академия бізге жақсы дайындалған кадрлардың тұрақты ағылып келуі түрінде пайда әкеледі, бірақ ол бүкіл аймақтағы машина жасайтын компаниялар үшін кадрлар көзі ретінде ойластырылған болатын. Бұл Солтүстік-шығыстағы осындай бірден-бір мекеме және де мен білікті жұмыс күшіне қатты мұқтаж біздің машина жасау саласындағы өзгерістерге ықпал еткенімді мақтан тұтамын. 

Әлі де көп нәрсе істеу керек. Компаниялар мен колледждер мектептерге келіп, жастарға өнеркәсіп пен машина жасауда мансап құру мүмкіндіктері туралы айтулары тиіс. Ұстаздар мен оқытушылар жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын түзетулері тиіс. Біз машина жасайтын аймақ ретінде бәсекеге қабілеттілігімізді одан әрі жоғарылатып және өзімізді бүкіл әлемге таныта аламыз. Үкімет тағылымдама үшін төбеден алынған еркін мақсаттарды белгілемей, оқыту сапасын жоғарылатуға көп көңіл бөлуі тиіс.   

Осының бәріне қарамастан, Англияның Солтүстік-шығысы көп нәрсесін мақтан ете алады. Өз басым жастардың біздің академиядан шығып, машина жасауда табысты мансап бастап жатқанын көргеніме қуаныштымын. Өткен жылғы қыркүйекте оқушылардың үштен екісі жергілікті жастар болатын. Біз жергілікті адамдарды жергілікті жұмыспен қамтамасыз етеміз, мен шынымен де осыны мақтан етемін. 

Гейтхед колледжімен серіктестік құруымыз бағдарламаның табысты іске асырылуы үшін өте маңызды болды. Біз пікірлестер ұйымымыз, біз шынымен де бизнесіміздің және жалпы машина жасау секторындағы қажеттіліктерді білеміз, және де біз нәтижеге жету үшін талап-тілектерді ескеруге дайынбыз. Біздікі сияқты бағдарламалар машина жасаудың болашағын қамтамасыз етіп, экономиканың өсуіне ықпал етеді және жастарды еңбек нарығына сіңіп кетуге дайындайды.  

Тек академияны ертерек ұйымдастырмағанымызға өкінемін. Бұл жергілікті қоғамдастық үшін пайдалы бірнәрсе жасауға және машина жасау секторының көш басында тұруына жақсы мүмкіндік. 

Сыртқы сілтемелер