Солтүстік Ирландиядағы Белфаст қалалық колледжінің жұмыс берушілермен бірге әзірленген инновациялық бағдарламалар саласында мол тәжірибесі бар. Бұл материалда Глен Мак Магон ірі қаржы-консалтингтік фирма – Deloitte компаниясында тағылымдамадан өтуді қамтитын табысты Assured Academy бағдарламасы туралы әңгімелейді. 

Assured Skills бағдарламасы Солтүстік Ирландияның Экономика Министрлігі мен Invest Northern Ireland агенттігінің бірлескен бастамасы болып табылады. 2010 жылы іске қосылған кезден бастап 5,371 түлек жұмыспен қамтылды. Бұл Солтүстік Ирландия экономикасына қосымша £141млн алып келді. 

Бағдарлама әлеуетті инвесторларға және кеңеюді жоспарлап жүрген жұмыс берушілерге олардың қызметі үшін қажетті кадрларды Ирландияның өзінде дайындауға «алдын ала» тапсырыс беруге жол ашады. 

Assured Skills бағдарламасының «академиялық моделі» былай жұмыс істейді: компания немесе компаниялар консорциумы өздерінің кадрлық қажеттіліктерін айқындайды және Министрлік (Экономикалық даму және әлеуметтік бейімделу орталығы арқылы) оларды қанағаттандыру үшін арнайы қысқа мерзімді оқу бағдарламасын қаржыландыру мәселесін шешеді. Әдетте бұл жұмысқа қабылдар алдында Орталық әзірлеп, жүргізетін, 8-10 аптаға жалғасатын оқу бағдарламасын қамтиды. Бағдарлама мазмұны жұмысқа үміткерлер дәл жұмыс берушілерге қажетті машықтарды алатындай етіп айқындалады, яғни оқу жоспарлары сала қажеттіліктеріне сай түзетіледі. 

ҚАЗІРГІ ТАҢДА БЕЛФАСТ ҚАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ: 

  • 30 компаниямен ынтымақтастық жасау тәжірибесіне ие 
  • өзінің 800-ден астап студентін жұмысқа орналастырды
  • бағдарлама түлектерінің жалақысын £21,000 орташа деңгейінде қамтамасыз етті. 

ДАЙЫНДЫҚ МЫНАДАЙ САЛАЛАРДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

  • ақпараттық талдау
  • 2D-анимация
  • бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, жүйелік техника және тестілеу 
  • ойын құру
  • қаржы технологиялары
  • адами ресурстар
  • киберқауіпсіздік
  • бұлт технологиялары

Deloitte компаниясымен ынтымақтастық

Мысал ретінде Deloitte компаниясымен – аса ірі қаржы кеңесшісімен бірлескен бағдарламаны келтіруге болады. Бағдарламаның жиырма түлегі процестерді роботты техникалық автоматтандыру және деректерді визуализациялау саласында компанияда мансап жолын бастады. 

Колледж алғаш рет өткізген бұл бағдарламадан табыспен өткеннен кейін түлектер Deloitte компаниясында сұхбаттасудан өтіп, компанияға қабылданды. 

Солтүстік Ирландия Экономика министрлігінің қаржыландыруымен Deloitte компаниясы колледж базасында ұйымдастырған 11 апталық роботты техника курсы кез келген мамандықтағы түлектерге дамып отырған осы инновациялық салаларда мансабын бастауға мүмкіндік береді. Олар жұмысқа тұру мүмкіндігін арттыратын машықтарға ие болады, ал компаниялар қосымша өнімділік пен өсудің қосымша әлеуетіне жетеді.  

Deloitte компаниясының аға басқарушысы Колин Маунстефен былай дейді: «Солтүстік Ирландияда Deloitte компаниясын кеңейтудің амбициялық жоспарының ең маңызды факторы біздің бизнеске ең жаңа технологияларды білетін адамдарды тарту болып табылады. Атап айтқанда, біз көріп отырған зор мүмкіндіктерді іске асыру үшін роботты техника мен деректерді визуализациялау саласында білімі бар кадрлар қажет, сөйтіп біз осы салаларда оқытуды ұйымдастырдық. Бұл мамандардың жаңа командалары құрылатын өте қызықты кезең және де біз компаниямызға келіп мансабын бастап жатқан жаңадан келген мамандарды құптаймыз».

Deloitte Экономика министрлігімен бірге трансформация, қаржы және технологиялар, сондай-ақ деректерді бұлттық өңдеу бойынша одан кейінгі бағдарламаларды ұйымдастырады, бұл түлектерге осы секторда талап етілетін машықтарды береді. Осы оқу бағдарламаларын табыспен аяқтағаннан кейін үміткерлер Deloitte компаниясына сұхбаттасуға шақырылады. 

Сыртқы сілтемелер