Жаңа ірі инфрақұрылым жобалары табысты болуы үшін білікті қызметкерлер қажет. SEMTA бейбіт уақыттағы аса ірі британдық инвестициялық жобаның табысты болуын қамтамасыз ету жолындағы жұмысы туралы әңгімелейді.

Semta ұлттық ұйымы бүкіл елде кәсіптік-техникалық оқыту жүйелерінің үйлесімділігін қамтамасыз етуге септеседі. Мысалы, біз машина жасауда және өнеркәсіпте белгілі бір лауазым үшін қандай біліктілік қажет етілетінін белгілейтін Ұлттық кәсіптік стандарттармен және нұсқаулықтармен айналысамыз. 

Ұлыбританияның барлық негізгі төрт аймағында жұмыс берушілер жергілікті колледждермен байланысының арқасында кәсіптік оқытуда басты рөл атқарады. Semta өкілдік ететін өнеркәсіп және машина жасау секторы жағдайында бұл байланыстардың көбіне ұзақ тарихы бар. Көп жағдайда жұмыс берушілер колледж құруға тікелей қатысып, өздеріне кадрлардың келуін қамтамасыз етті және жергілікті жастарға тұратын жерінде жақсы жұмыс алуға мүмкіндік берді. 

Мысалы, Жылдамдықты теміржол қатынасы ұлттық колледжі болашақ HS2* жоғары жылдамдықты желісіне арнап кадрлар дайындау үшін құрылды. Колледжде оқушылардың теміржол желістерінде пайдаланылатын жабдықты оқып-үйренуге  пайдалануға бұрын-соңды болмаған мүмкіндігі бар – оның көп бөлігін, соның ішінде 3D лазерлік сканерлер мен роботтары бар заманауи жаңа лабораторияны кәсіпорындар берген. Бұл жабдықты кәсіпорындар бергендіктен колледждегі оқу студенттерге теміржол саласында бүгін және болашақта қажет етілетін тиісті машықтар мен тәжірибені қамтамасыз етеді. 

Шотландияда үкімет жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді басымдық деп белгілеген, бұл жұмыс берушілердің қажет етілетін кәсіптік-техникалық машықтары бар кадрларға деген мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қажет. Жақында Semta ұйымы колледж оқытушыларының бұл сала туралы көбірек білуіне жол ашып біліктілігін үздіксіз жоғарылататын Energy Skills Partnership ұйымымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

STEM Alliance (Semta) бағалау жөніндегі есебі бойынша, кәсіптік-техникалық мектептердің оқытушылары жылына небары бес күн біліктілігін жоғарылатудан өткен және оқу орындарының он пайызының ғана оқушыларды компанияларда жұмыс істеуге бөлумен айналысатын қызметкерлері бар. Өнеркәсіп және білім беру секторының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін сервис ретінде STEM Exchange құруымыздың себебі дәл осында. Жұмыс берушілер мен колледждердің арасындағы сындарлы ынтымақтастық оқушыларға үздік мүмкіндіктер беретініне және оларды қажетті кәсіптік-техникалық машықтармен қамтамасыз ететініне сенімдіміз және де біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырмақмыз.

* HS2 - 2026 жылы  Лондон мен Бирмингем арасында және одан кейін 2032 жылы Лидс пен Манчестер арасында енгізілетін жаңа жоғары жылдамдықты теміржол қатынасы. Жаңа теміржол желістері мен станциялары салынады

Сыртқы сілтемелер