Бостон колледжінің директоры Джо Маэр кәсіби машықтар бойынша жарыс Ұлыбританиядағы студенттер мен жұмыс берушілер үшін неге маңызды екенін әңгімелейді.

Кез келген бизнес өзінің сипатына қарамастан жарысқа негізделген. Пайда алуға, өнімді нарыққа бірінші болып шығаруға немесе қызметтердің ең жақсы сапасын қамтамасыз етуге ұмтылып, ең күшті компаниялар жарыстық менталитетке ие қызметкерлерге үміт артады. Сондықтан Ofsted деректер талдауына негізделетін WorldSkills UK кәсіби машықтар бойынша жарыстарды ендірген колледждер басқаларына қарағанда жақсырақ нәтижеге жетеді деген тұжырым жасайтыны таңғалдырмайды.

Кәсіби машықтар бойынша жарыс студенттерге жұмысқа тұру үшін қажетті мынадай машықтарды дамытуына көмектеседі: 

  • командада тиімді жұмыс істеу
  • коммуникация
  • проблемаларды шешу 
  • уақытты басқару. 

Оқушылар сонымен қатар сенімділікке және өздерінің болашақ мансабы үшін қажетті пайдалы байланыстарды орнату машықтарына ие болады. Кәсіби машықтар бойынша жарыстың студенттерге қосымша міндеттерді орындау кезінде жоғары деңгейдегі техникалық машықтарды дамытуына көмектесетіні маңызды. Жарыс ортасы студенттерді талап етілетін деңгейден әлдеқайда жоғары болатын жұмыс сапасына жетуге ынталандырады. Тәжірибе мен машықтарды дамыту арқылы студенттерде өздерінің саланың стандарттарына сай келетініне сенімділік қалыптасады.

Бостон колледжіндегі кәсіби машықтар бойынша жарыс студенттерге көмектеседі және одан да маңыздысы, жұмыс берушілер оның нәтижелерінен пайда алады. Стив Гаррард, Multi-Plumb Директоры, былай дейді: “Жарысқа қатысқаннан кейін біздің тағылымгеріміз маңа машықтарға ие болуға ұмтылады. Ол өз деңгейінің бұрын өзі ойлағаннан жоғары екеніне көзін жеткізіп, өз-өзіне сенімділік алды. Компания үшін бұл жақсы жағдай, өйткені енді оған алуан түрлі жұмысты сеніп тапсыруға болады, оны ол жоғары стандарттарға сәйкес орындай алады.” Жұмыс берушілер үшін басты фактор - студенттерде мотивация артады және сәтсіздіктен кейін тез қалпына келу қабілеті дамиды, бұл өз кезегінде олардың бейімделгіштігін және өз-өзіне сенімділігін жоғарылатады. Мұндай машықтар кез келген салада қажет етіледі.

Ofsted – білім беру, балаларға қызмет көрсету және кәсіби машықтар саласындағы Стандарттар бюросы. Ол барлық жастағы оқушыларға арналған кәсіптік оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді инспекциялайды және реттейді. 

WorldSkills UK жұмыс берушілер қажет ететін машықтарды дамытудың есебінен жас адамдарға өз мансабын дамытуына көмектеседі. Бұған кәсіптік машықтар бойынша жарыс және кәсіптік-техникалық білімнің артықшылықтарын көрсететін басқа да кең ауқымды бастамалар кіреді.

Сыртқы сілтемелер