Колледждер мен оқу орындарының аса маңызды міндеттерінің бірі – өздерінің бағдарламаларының және оқу бітіруші түлектер алатын білімнің жергілікті жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету. Алайда жұмыс берушілер мен колледждердің өзара әрекеттестігін жолға қою әрдайым оңай бола бермейді. Black Country Skills Factory бастамасының директоры Колин Паркер басқаратын бағдарламаның мақсаты – оқу жоспарларының мазмұнының жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес болуын және оқу бітірушілердің біліктілігіне жұмыс берушілердің қандай талаптар қоятынын оқу орындарының жақсырақ түсінуін қамтамасыз ету.

Блэк-Кантри – Вулвергемптоннан Уолсоллға дейін созылып жатқан, Бирмингемнің солтүстік-батысындағы аудан. Дәл осы жер XIX ғасырдағы Британдық өнеркәсіптік революциясының орталығына айналды және осы күнге дейін шағын және ірі кәсіпкерліктің тоғысқан ортасы болып қалуда.  

Әдетте ең сәтті инновациялар – ең қарапайым әрі айқын инновациялар. Блэк-Кантридағы көптеген шағын кәсіпорындар өз қызметкерлеріне қажетті машықтарды бере алатын күрделі оқу бағдарламаларын жасай алмайды.

Black Country Skills Factory дегеніміз не?

  • алдыңғы қатарлы өндіріс (жоғары қосымша құн қолданылатын өндіріс), соның ішінде азық-түлік пен сусындар;
  • көлік технологиялары, соның ішінде аэроғарыштық технологиялар;
  • құрылыс, соның ішінде құрылыс технологиялары;
  • экологиялық технологиялар;
  • бизнес бойынша қызметтер көрсету.

Жай сөзбен айтқанда, бұл жұмыс берушілер үшін масштабты үнемдеуді пайдалану мүмкіндігі болып табылады: кәсіпорындардың топтары білім алушылардың жеткілікті санын бірлесіп қалыптастыратындықтан, кадрларды дайындау азырақ шығынды қажет етеді, ал жалғыз-жалғыздан олар мұны іске асыра алмас еді. Осылайша, жұмыс берушілер аймақта біліктілікті жақсарту курстарын ұйымдастырады, сондай-ақ машықтану мен қаржыландыру бойынша тәуелсіз кеңестемелер бере алады.

Skills Factory немен айналысады?

Skills Factory бастамасының негізгі бағыттары:

1. Кадрлардың біліктілігін жақсарту

Skills Factory жергілікті оқу орындарымен және колледждермен ынтымақтаса отырып, әр түрлі техникалық салаларда біліктілікті жақсарту курстарын, сондай-ақ сектор үшін арнайы әзірленген басқару мен жетекшілік ету бойынша аккредиттелген курстарды қамтитын ауқымды бағдарламаны ұсынады.  

Сонымен қатар, University of Wolverhampton (Вулвергемптон) Университетіндегі өндірістік технология бойынша жеделдетілген екі жылдық бағдарламаға үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.

2. Техникалық мамандықтар бойынша оқушыларды машықтануға қабылдайтын шағын және ірі кәсіпорындар санының артуы

Skills Factory өз кәсіпорындарында машықтануды ұйымдастыруға дайын жұмыс берушілерге кеңестеме береді және олардың бейінді колледждер және оқу орындарымен байланыс орнатуына көмектеседі. 

3. Мектептер мен кәсіпорындардың арасындағы өзара әрекеттестік

Skills Factory кәсіпорындар мен мектептерге арналған екі бағдарламаны іске асырады. Олардың бірі, Enterprise Adviser Network, Блэк-Кантридағы орта мектептермен ерікті түрде жұмыс істейтін тәжірибелі бизнес-кеңесшілер желісі болып табылады. Бағдарламаның міндеті – оқушыларға кәсіптік бағдар мен кеңестеме беру мақсатында кәсіпорындармен ынтымақтасты түсіну мен дамытуда мектептерге көмек көрсету.

Сондай-ақ Skills Factory өздерінің болашақ мамандану саласы ретінде жоғары қосымша құн қолданылатын өндірістік секторды қарастырғысы келетін жастардың санын арттыруға, атап айтқанда, олардың өндірістік салаға деген көзқарасын өзгертуге және Manufacture Your Future инновациялық жобасының шеңберінде сектордағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып беруге ұмтылады.

Қисынды шешім

Skills Factory бастамасына Local Enterprise Partnership қолдау көрсететініне және жәрдемқаржы бөлінетін оқыту бағдарламаларын жүргізе алатынына қарамастан, ол оқу орны емес. Skills Factory серіктестеріне ынтымақтастықты жолға қоюға және колледждер, жекеменшік білім орталықтары мен жоғары оқу орындары ұсынатын бағдарламалардың жергілікті жұмыс берушілердің мұқтаждарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Осылайша, бұл бастама жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың көптеген нәтижелерге жету мүмкіндігі екендігін дәлелдейді.

Қосымша ақпарат

Сыртқы сілтемелер