Ұлыбритания Үкіметі академиялық курстардың орнына кәсіби-техникалық оқу бағдарламаларын таңдайтын жастар үшін балама ретінде Т деңгейінде білім беруді енгізуді жоспарлауда. Колледждер қауымдастығының саясат жөніндегі аға менеджері Кэт Сизен жаңа бағдарламаның артықшылықтары туралы әңгімелейді. Ол сондай-ақ кейбір мәселелер туралы да айтады.  

2020 жылы Англияда машина жасау сияқты салаларда техникалық мамандықтар бойынша оқытудың кемшіліктерін жоюға бағытталған Техникалық білім саласындағы машықтарды дамытудың жаңа жоспары енгізіледі. 

Машықтарды дамыту жоспары студенттердің 16 жастан бастап жұмысқа орналасуына тура жол ашады. Онда техникалық мамандықтар 15 бағытқа бөлінген, олардың 11-і колледждер мен басқа да оқу орындарында негізделеді және 4-еуі жұмыс орнында ұйымдастырылады. Әр бағыт жалпы оқу жоспарын және 3 айға дейінгі тағылымдасы бар мамандану жылын қамтиды, тағылымдама аяқталғаннан кейін техникалық деңгейдегі (Т деңгейіндегі) біліктілік беріледі. 3-деңгейдегі Т деңгейінің біліктілігі шамамен бакалавриат деңгейіне сәйкес келеді. Бір жылдағы оқу сағаттарының саны 600-ден 900-ге дейін көбейеді. Т деңгейіндегі бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттер жұмысқа орналасып, кәсіби білім алуын жалғастыра алады немесе таңдаған мамандығына байланысты жоғары білім алуына болады.   

Колледждер қауымдастығы Машықтарды дамыту жоспарының ортақ идеясын қолдайды. Біз біліктілікті арттыруға инвестиция салуды қош көреміз. Негізгі мүдделі тараптар (студенттер, ата-аналар, қамқоршылар және жұмыс берушілер) қалаған білімді алудың дұрыс жолын білуі тиіс, және бұл ретте толық әрі объективті ақпаратты беру керек. 

Алайда бірқатар мәселелер бар. Үкімет техникалық білім беру тұжырымдамасын қалай алға жылжытады? Кәсіби-техникалық білім дәстүрлі академиялық білімге қарағанда беделі кем емес болып саналуы үшін қоғам санасында нағыз төңкеріс болуы тиіс. Үкімет Т деңгейіндегі білім беруді қосымша қаржыландыру туралы жариялай отырып, бұған алғашқы қадамын жасады, бірақ бұл жеткілікті ме? 

Қосымша қаржыландыру және қосымша оқу сағаттары ішінара өндірістік тәжірибеге арналатын болады. Қазіргі таңда студенттер екі апталық тәжірибеден өтіп жатыр. Арнайы кәсіпорындарда орналастыру үшін  жұмыс берушілердің көбірек саны қатысуы керек. Ұзағырақ өндірістік тәжірибе жұмыс берушілерге де, студенттерге де пайдалы болуы және кеңейтілген оқу жоспарына үйлесуі үшін мұқият жоспарлау қажет. Үкімет колледждерге инвестиция құйып, сол арқылы олардың әлеуетін кеңейтеді және эксперименттік өндірістік тәжірибесін дамытады, бірақ бұл оқу орындарын да, жұмыс берушілерді де қозғайтын оқу тәжірибесіндегі қатты ілгерілеу. 

Т деңгейінде оқытуға дайын болмай отырған студенттерге қатысты өзге де мәселелер бар – колледждердің көбісінде бұл 16-18 жастағы  жеткіншектердің шамамен жартысы. Олар кіру талаптарын орындауға көмектесетін өтпелі бағдарламадан өтеді деп жоспарлануда. Ерекше білімге мұқтаж студенттер үшін ол бір жылдан астам уақыт алуы мүмкін, және ең ықтимал нәтижесі қолдауға сүйеніп жұмыс істеу немесе өзінше өмір сүру болады. Алайда қазіргі таңда қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл бағдарламаны қаржыландыру әлі де жылына 600 сағатқа есептелген, сондықтан осы жастар жұмысқа тұратын немесе жоғары білім алатын күн әлі алыс. 

Спорт немесе орындау шеберлігі сияқты, техникалық бағыты жоқ, бірақ жұмысқа орналасу үшін көп мүмкіндігі бар мамандықтардың рөліне қатысты мәселелер бар. 

Машықтарды дамыту жоспары және T Levels деңгейіндегі бағдарлама Солтүстік Еуропаның басқа елдерінің техникалық білім беру жүйесінің тәжірибесіне сүйенеді, ол елдерде бұл жастар үшін нәтижелі болған. Мұнда да солай болатынына үміттенейік. 

Сыртқы сілтемелер