Егер сіз Ұлыбританияда оқып жүрсеңіз немесе оқуды бітірсеңіз, Қазақстанның мекемелеріне ұсыну үшін алған біліміңіз туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау қажет болуы мүмкін.

Егер сіз Ұлыбританияда оқуды жоспарласаңыз, британдық оқу орындарына ұсыну үшін сізге қазақстандық құжаттарыңыздың көшірмелерін куәландыру қажет болуы мүмкін.

Біз сан алуан құжаттардың көшірмелерін куәландырамыз және түпнұсқалығын растаймыз, соның ішінде:

  • аттестаттар мен дипломдар;
  • британдық және қазақстандық жоғары оқу орындары берген, академиялық үлгерім туралы үзінді көшірмелер;
  • қазақстандық мекемелер берген куәліктер және Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқытылатын және медициналық бағдарламаларына түсуге арналған басқа да ресми құжаттар.

Қызметтер:

Құжаттардың көшірмелерін куәландыру

Егер сіз Ұлыбританияда оқуды жоспарласаңыз, британдық оқу орындарына және түрлі мекемелерге ұсыну үшін сізге қазақстандық құжаттарыңыздың көшірмелерін куәландыру қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ сізде Ұлыбританияда оқуды бітіргеннен кейін біліктілігіңізді растау қажеттілігі туындауы мүмкін. Біз оқу орны немесе кәсіби ұйым деген ресми мәртебесі бар британдық мекемелер  берген, Қазақстанның органдары талап етуі мүмкін білім туралы құжаттардың барлық түрлерін (дипломдар, дипломнан академиялық үлгерім туралы үзінді көшірмелер, дипломдардың қосымшалары, куәліктер және т.с.с.) куәландырамыз.

Біз төмендегі құжаттардың көшірмелерін куәландырамыз:

  • Британияның орта, кәсіптік және жоғары білім беру мекемелері, сондай-ақ тиісті ресми мекемелер, соның ішінде медициналық мекемелер (медициналық білім) берген құжаттар;
  • Қазақстанның орта, кәсіптік және жоғары білім беру мекемелері берген құжаттар;

Есіңізде болсын:

  • Құжаттардың түпнұсқалары қажет.
  • Куәландыруға әдетте 1-3 жұмыс күні кетеді (шабармандық қызметтің жеткізуін есепке алмағанда).

Құжаттардың түпнұсқалығын растау

Біз тек  Ұлыбританиядағы оқу орны немесе кәсіби ұйым деген ресми мәртебесі бар мекемелер берген құжаттардың ғана түпнұсқалығын растаймыз.

Қосымша ақпаратты Құжаттардың көшірмелерін куәландыру және түпнұсқалығын растау ережелерінен қараңыз.

Есіңізде болсын:

  • Құжаттардың түпнұсқалары қажет.
  • Біз құжаттың түпнұсқасының шынайылығын тек оны берген мекемеден растаманы алғаннан кейін ғана растай аламыз. Бұл үшін сізден қол қойылған Келісім пішіні  талап етілуі мүмкін.
  • Тексеруге әдетте 3-5 жұмыс күні керек болады (шабармандық қызметтің жеткізуін есепке алмағанда).

Қосымша көрсетілетін қызметтер

Аударма

Құжаттарды аударуға British Council ұйымына тапсырыс беруге болады. Аударма жасау үшін әдетте 3-5 жұмыс күні керек болады.

Құжаттардың көшірмелерін жедел куәландыру

Егер сізге құжаттарды жедел аудару немесе көшірмелерін куәландыру қажет болса, біз жедел қызмет көрсетуді ұсынамыз.

Сіз құжаттардың көшірмелерін Алматыдағы біздің кеңсеге әкеле аласыз, сонда біз көшірмелерді сол күні-ақ сіздің көзіңізше куәландырып береміз.

Жедел қызмет көрсетудің тек құжаттардың көшірмелерін куәландыруға ғана таралатынын ескеруіңізді өтінеміз.Құжаттың түпнұсқалығын оны берген мекемеде растауға 3-5 жұмыс күні керек болады.

Құжаттарды беру және алу тәртібі

Құжаттарды Алматыдағы біздің кеңсемізде беруге және алуға болады немесе оларды шабармандық қызмет арқылы жөнелтуге болады:

Алматыдағы British Council кеңсесі

Құжаттарды Алматыдағы біздің кеңсемізде беруге және (немесе) алуға болады. Колл-орталық арқылы алдын ала жазылу қажет.

Шабармандық қызмет арқылы жөнелту

Сондай-ақ құжаттарды кез келген кеңсеге шабармандық қызмет арқылы жіберуге болады. Біз құжаттардың түпнұсқалығын растамас бұрын немесе көшірмелерін куәландырмас бұрын құжаттардың алынғанын және төлемақы сомасын растау үшін сізге хабарласамыз.

Төмендегі құжаттарды қоса тіркеуіңізді өтінеміз:

1. Толтырылған Өтінім пішіні немесе төмендегі көрсетіліп, қол қойылған хат:

  • Құжат берілген тұлғаның аты-жөні, төлқұжаттың немесе жеке куәліктің түпнұсқа тілдегі (мысалы, орыс немесе қазақ тіліндегі) және ағылшын тіліндегі деректеріне тұп-тура сәйкес түрде көрсетілуі керек; 
  • сұратылатын қызмет;
  • сіздің күндізгі телефоныңыздың және ұялы телефоныңыздың нөмірі;
  • сіздің мекенжайыңыз (егер құжатты басқа адам алатын болса, сондай-ақ алушының аты-жөнін көрсетуді өтінеміз).

2. Көшірмелері куәландырылуы немесе түпнұсқалығы расталуы қажет құжаттардың түпнұсқалары.

3. Егер сіз британдық оқу орны берген құжатты жолдасаңыз, сондай-ақ қол қойылған Келісім пішінін қоса тіркеуді өтінеміз.

Құжаттардың көшірмелерін куәландыру және түпнұсқалығын растау ақысы

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу

Ақысы British Council шотына аудару жолымен төленеді:

Ұйымның атауы: «British Council Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Банктің атауы: «Ситибанк Қазақстан» АҚ

Есеп айырысу шоты/БСК: KZ3983201T0200445000

SWIFT: CITIKZKA

БСН: 150540016608

ТМК: 859

БеК: 17

Маңызды!

  • «ТӨЛЕМНІҢ МАҚСАТЫ» бөлімінде мынаны көрсетіңіз: «куәландыру / тегі», мысалы: «куәландыру / АХМЕТОВ». Бұл ақпарат болмаса, біз төлемді сіздің жасағаныңызды анықтай алмаймыз. 
  • Төлем тапсырмасын мына электрондық мекенжайға жолдап, «Тақырып» жолында «Куәландыру / тегі үшін банктік аударым» деп көрсетіңіз.