Біз Study UK онлайн-іс-шарасына қосылған студенттермен Road to IELTS пакетінің эксклюзивті нұсқасын бөлісуге дайынбыз. 

Бұл ұсынысқа өтінімді қалай жіберуге болады?

Ұсыныс Study UK онлайн-іс-шарасына тіркелгендерге ғана қол жетімді.Тіркелу кезінде болашақта сізбен байланысуға мүмкіндік беретін құсбелгіні қойыңыз, әйтпесе болашақ қадамдарға байланысты сізбен байланыса алмауымыз мүмкін.

Сіз 2021 жылдың 31 наурызына дейін болатын кез-келген IELTS компьютерлік сессиясына тіркеліп, тест үшін ақыны 2020 жылдың 19 қазан мен желтоқсан айының 15-і  аралығында төлеуіңіз қажет.

Сізге Road to IELTS купоны 16 қараша немесе 20 желтоқсанда беріледі. 

Осы пакет арқылы сіз мыналарға қол жеткізе аласыз:

  • толық 27  тест тапсырмаларына;
  • 9 сөйлеу тестіне;
  • IELTS емтиханына 3 дайындық тестіне;
  • 324 интерактивті сабақтарға;
  • 13 сабақ жаттығуларына;
  • Үлгеріміңіз туралы бақылау парағына;

Road to IELTS ережелері:

  • IELTS компьютерлік тестін сатып алғаннан кейін қайтарылмайды және Road to IELTS Home нұсқасына дайындалу үшін купон (лицензия) мен пароль жіберіледі.
  • Road to IELTS купонын 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қосу керек. Осы уақыттан кейін ұсыныс жарамсыз болып қалады.
  • Купонды іске қосқаннан кейін, пайдаланушы бірінші кірген уақыттан бастап, 90 күн бойы қол жетімді болады.
  • Ұсыныс тек төменде көрсетілген елдерде, IELTS тестін тапсыратын пайдаланушылар үшін жарамды: Түркия, Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Ресей.
  • Купонды тек жеке пайдаланушы қолдана алады, оны мекеме немесе компания қолданбайды.
  • Науқанға қатысушылардың саны шектеулі, сондықтан онлайн-пакеттер кезектегі ретімен ұсынылатын болады.
  • Британдық Кеңес  мақсатсыз пайдалану жағдайында компанияны тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Мұнда Road to IELTS пакеті туралы көбірек біле аласыз. 

Қосымша ұсыныс туралы сұрақтарыңыз болса, бізге электронды пошта арқылы жіберсеңіз болады.