Scholarships and funding
Scholarships and funding image

Стипендиялар, гранттар, демеуқаржылар, сыйлықақылар, несиелер..., Ұлыбританияда оқуды қалаған шетелдік студенттерді қаржылық қолдаудың көптеген тәсілдері бар.

Study UK веб-торабының Стипендиялар және қаржылық қолдау туралы бетінен сіз Ұлыбританиядағы стипендиялар туралы өзіңізге керекті бүкіл ақпаратты табасыз.

Студенттер үшін британдық ұйымдардың тарапынан стипендия немесе өздерінің оқуын қаржыландырудың басқа түрлерін алудың толып жатқан жолдары ұсынылады. Көптеген стипендиялар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім алу бағдарламасы бойынша оқуға арналған, басқа стипендиялар арнайы бағдарламалардың студенттеріне төленеді, үшіншілері нақты оқу орындарында оқуға арналған.

study UK стипендиялары және қаржыландыруы

Біздің Study UK веб-торабымызда сіз түрлі курстар мен оқу деңгейлері үшін ұсынылатын стипендиялар туралы ақпаратты табасыз. Сондай-ақ сіз түрлі курстарда оқудың бағасы туралы және студенттер үшін Ұлыбританияда тұрудың құны туралы ақпаратты табасыз.

Халықаралық студенттің калькуляторы

Халықаралық студенттің калькуляторы сізге өз қаржыңызды басқаруға және Ұлыбританияда тұру мен оқуға арналған бюджетті құруға көмектеседі. Калькулятор пайдалануға оңай және бұл қызмет тегін.

Сыртқы сілтемелер