Біздің Британ оқу орындары түлектерінің  желісі, оқу бітіргеннен кейін де түлектермен байланысты үзбеудің көптеген тәсілдерін ұсынады.  Біздің онлайн қауымдастық келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Нетворкинг бойынша лекциялар мен іс-шараларға шақыру
  • Ұлыбритания түлектерінің, Британдық Кеңестің іс-шараларына шақыру
  • Ұлыбритания түлектеріне  өзінің білімі және тәжірибесімен өзге де түлектермен бөлісуге мүмкіндік беру

Болашақ іс-шаралар мен  жаңалықтар жәйлі барлық ақпарат алу үшін біздің түлектердің желісіне  тіркеліңіз. Тіркелу үшін біздің  alumni@kz.britishcouncil.org. электрондық адресіне хат жолдаңыз.

Ұлыбритания жоғарғы оқу орындары түлектеріне арналған іс-шаралар

Осы веб-парақта біз Ұлыбритания жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің іс-шаралар күнтізбесін жариялаймыз. Оған осы веб парақшада тіркелуге болады. Жаңартуларды назарда ұстаңыз! 

British Council Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігімен, Британия университеттері түлектерінің клубымен (BACK), «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ түлектер жүмыс жүргізу департаментімен және «Болашақ» түлектерінің қауымдастығымен  серіктестікте британдық түлектер желісінің іске қосылуының құрметіне Астана және  Алматы қалаларында салтанатты қабылдау өткізді.

Фотосуреттер:

Астанада британдық түлектердің кездесуі

Алматыда британдық түлектердің кездесуі

Ұлыбритания жоғарғы оқу орындары түлектерінің сөйлеген сөздері

Әр-түрлі сала бойынша  Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарын бітірген бес үздікі түлекті біз бейнетаспаға түсіріп алдық. Олар Ұлыбританиядағы оқу барысында алған тәжірибелері  және оның болашақ өмірлері мен қызмет сатысына еткен әсері жәйлі бөліскен еді.

  • Александра Цай: «Формула жаттағаннан гөрі, іздемпаздық дағдыны дамытқан жөн»

Құндылықтар мен мәдениет ғана адамды өзін және қоршаған ортасын өзгертуге жетелейді,- дейді Open Mind жобасының негізін қалаушы, IT университетінің оқытушысы Александра Цай. Сондай-ақ жауапкершілік, білім алудағы бәсекелестік пен алға ілгерілеушілік туралы. Сұхбатты қазақ тілінде оқыңыз.

  • Жақсыбек Нұртілесов: “Менің мақсатым – өз өмірімде кем дегенде бір миллион адамға көмек көрсету.”

Назарбаев университетінің медицина мектебінің оқытушысы, терапевт дәрігер Жақсыбек Нұртілесов дәрігердiң үлкен мақсаттары және медицинадағы трендтер туралы. Сұхбатты қазақ тілінде оқыңыз.

  • Әсет Әбдуәлиев: «Не айтсаң, соны істе!»  

2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі комитеттің басшысы Әсет Әбдуәлиев Қазақстанда табысты адам болуға көмектесетін басты қасиет туралы, әлеуметтік лифт және өңірден шыққан қарапайым жігіттің қалай Президент әкімшілігінің ең жас қызметкері болғаны туралы. Сұхбатты қазақ тілінде оқыңыз. 

Ұлыбритания түлектерінiң видео блогы

Әр-түрлі сала бойынша  Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарын бітірген бес үздікі түлекті біз бейнетаспаға түсіріп алдық.

Олар Ұлыбританиядағы оқу барысында алған тәжірибелері  және оның болашақ өмірлері мен қызмет сатысына еткен әсері жәйлі бөліскен еді. Бұл түлектер туралы көбірек білгіңіз келсе, төменде берілген бейнелерді көріңіз!

Александра Цайдың бейнесі

Әсет Әбдуалиевтің бейнесі

Айжан Бекмұхамедованың бейнесі

Жақсыбек Нұртілесовтің бейнесі

Рашид Аюповтың бейнесі

БІЗ СІЗДЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫҢЫЗ БЕН ИДЕЯЛАРЫҢЫЗДЫ ҚУАНА ҚАБЫЛДАЙМЫЗ!

Егер сіздердің түлектер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту  бойынша жаңа ұсыныстарыңыз немесе өзгелермен бөліскіңіз келетін ақпараттар болса,  біздің электрондық адресіне хат жолдаңыз.