Study UK 2019 official web banner

Cіз Британияда оқуды жоспарлап отырсыз ба? Британдық университеттер, колледждер және тіл мектептері туралы білгіңіз келеді ме?

12 қазанда Нұр-Сұлтанда, 13 қазанда Алматыда Study UK британдық ең ірі білім беру көрмесіне келіңіз.

Бір жерден сіз Ұлыбританияның оқу орындары туралы барлығын біліп, өзіңізді қызықтыратын білім беру бағдарламасын таңдап, мектептердің, колледждер мен университеттердің өкілдерінен кеңес ала аласыз. Study UK көрмесінде Ұлыбританияның ең үздік оқу орындары өздерінің орта, жоғары оқу және бизнес білім бағдарламаларын, қысқа мерзімді тілдік курстарды және балалар мен ересектерге арналған жаздық түрлі бағдарламаларын назарға ұсынады. 

Оған қоса, ұйымдастырушылар көрме қонақтары үшін онлайн конкурс ұйымдастырады! Бас жүлде - CD IELTS емтиханын тегін тапсыру. Ережелерді осында немесе Инстаграмдағы ресми парақшада оқи аласыз.

 КӨРМЕГЕ ТІРКЕЛУ ҮШІН НҰСҚАУЛЫҚ

 

Осы секцияда