2019 жылғы ақпанда Атырау қаласында (Қазақстан) English for Success жобасының жабылу рәсімі болып өтті. Ол «Теңізшевройл» (ТШО) өзінің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде қаржыландырған біздің алғашқы бағдарламаның соңы болды. Инновациялық білім беру жобасы British Council ұйымымен, Атырау облысының Білім басқармасымен және Лестер Университетімен (Ұлыбритания) серіктестікте жүргізілді.

Атырау облысындағы біздің табысты жұмысымыздың нәтижелері бойынша ТШО көршілес Маңғыстау облысында 2019-2020 жылдары екі жылдық жаңа жобаны қаржыландырады. Жобаны ашу рәсіміне жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалар қатысты,  содан кейін British Council ұйымы мен Маңғыстау облыстық әкімдігінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті.

English for Success бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысында ағылшын тілінің 180 оқытушысы ағылшын тілін және ағылшын тілінде дәл ғылымдарды тиімді оқыту мен үйрену бойынша педагогикалық тәсілдемелерді оқып-үйренеді. Оқып-үйрену қатысушылардың педагогикалық және талдаушылық машықтарын, соның ішінде сауалнама жүргізу, проблемалық оқыту және іс-әрекет барысында зерттеу (action research) жүргізу машықтарын жетілдіруіне көмектеседі.

Осы секцияда