ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ: Қарашаның 30, 2019 жыл, сағат 18.00

Егер сіз Ұлыбританиядан тыс елдерде ағылшын тілі оқытушысы болсаңыз, онда сіз Warwick Университетіндегі Ағылшын тілін оқыту саласындағы (ELT) магистратурасына жыл сайын берілетін A.S.Hornby Educational Trust стипендиясын алуға өтініш бере аласыз. Бұл Стипендия 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін оқитын студенттерге арналған.

Стипендия Ұлыбританияға барғанда барлық шығындарды, оның ішінде үйді жалдау және күнделікті шығындардың айлық шәкіртақыны, оқу ақысын және елге қайтқандағы әуебилеттерді, визаны және тілдік тесттерді қамтиды

ӨТІНІШТІ КІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

Кем дегенде үш жылдық ресми түрде толық жұмыс күні істеген ағылшын тілін оқыту тәжірибесі мен университеттің мамандыққа сәйкес дипломы бар үміткерлер өтініш бере алады. Сондай-ақ, үміткердің университет талап ететін ағылшын тілін меңгеру деңгейі болуы шарт. Бұл әдетте IELTS (немесе басқа қабылданған тілдік тест) арқылы бағаланады – өтініш беруші IELTS-тан 6,5 ұпай жинаған, оның ішінде әр бөлімнен кемінде 6,0 және жазу бөлімінде 6,5 ұпайы болуы керек. Hornby Стипендиясы үміткерлер өз елдерінде болашақта ағылшын тілін оқытуға елеулі үлес қосатын тәжірибелі ағылшын тілін оқытуын және ағылшын тілінің оқытушыларын қолдауға арналған.  

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

Кандидаттарды іріктеу үрдісі төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде өтініш қағазының толтыру сапасы бағаланады. Екінші кезеңге өткен үміткерлер өз еліндегі Британдық Кеңестің кеңсесінде өтетін сұхбатқа шақырылады. Үшінші кезеңде іріктелген талапкерлер университетке құжаттарын тапсырады. Төртінші кезеңде университет іріктеп алған талапкерлерді оқуға қабылданады. Стипендия соңғы кезеңді өткен адамдарға ғана тағайындалады. 

ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер сіз Hornby стипендиясына өтініш бергіңіз келсе, біздің ғаламадық Teaching English веб-сайтына кіріп, ол жерде Стипендия туралы қосымша ақпарат пен "Hornby Scholarship Applicant Information" деген құжатпен таныса аласыз. Өтініштің онлайн нұсқасын толтыруды бастамас бұрын, құжатта көрсетілген барлық мәліметтерді алдын-ала жинағаны дұрыс болады, себебі өтініш толтыруды бастап кеткеннен кейін, оны кейінге қалдырып түзетуге мүмкіндік болмайды. 

Сыртқы сілтемелер