Біздің клиенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және біз жұмыс істейтін қауымдастықтардың денсаулығы мен әл-ауқаты British Council-дың басымдылығы болып табылады.

Қазіргі уақытта біз шектеулі санда IELTS компьютерлік тестілерінің  өткізудеміз. Біз осы сабақтарды қалай өткізетінімізді бейімдеп, Үкіметтің ұсынымдары мен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін қауіпсіздік шараларын енгіздік.

Алдын ала тіркелу арқылы біздің кеңседен тест қорытындысы бойынша сертификатты ала аласыз. 

Кеңсеге келуге белгіленген күндер:

Алматы - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері: 10.00 - 11.00 и 14:00-15:00 

Нұр-Султан - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері: 13:00-15:00 (2 қабат, 212 A, Астаналық бизнес орталығы, 33 Қонаев к-сі)

Дәл белгіленген уақытта келуіңіз қажет. Ертерек немесе кейінірек келмеуді сұраймыз - сізді ішке кіргізбейді.

Білім беру саласындағы ұйымдардың жұмысына қатысты карантиндік шаралар ережелерінің өзгеруіне байланысты British Council төменде көрсетілген IELTS емтихандарын тоқтатуға мәжбүр болды:⠀⠀

Computer-delivered IELTS – 28-ші қараша мен 5-ші желтоқсан 

Paper-based IELTS – 28-ші қараша, 3-ші мен 5-ші желтоқсан

British Council бұл тест сессияларына тіркелген барлық үміткерлермен тест тапсырудың ықтимал жолдары туралы кеңес беру үшін e-mail арқылы хабарласады.⠀⠀

Тіркеуді ауыстыруға өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін өңделеді, сондықтан сізден жұмыстан тыс уақытта тіркелмеуіңізді сұраймыз. Әйтпесе, сіздің тіркеу автоматты түрде жойылады.

  • Брондалған тестті жаңа күнге ауыстыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
  • Сізге қажет модульді таңдаңыз (академиялық немесе General Training) және тесттің компьютерлік нұсқасын таңдағаныңызды тексеріңіз.
  • Жаңа күнге тіркеліңіз, бұл тіркеуге төлемеңіз. Сіз бұл тестілеу күні брондалған және төленбегені туралы хабарлама аласыз. Бұл тіркеуді төлеудің қажеті жоқ.
  • Мына тіркеу формасын толтырыңыз . Онда сіздің атыңызды, тегіңізді, қолданыстағы электрондық поштаны, алдыңғы тіркеу нөмірін, жаңа тіркеу нөмірін көрсету қажет.
  • Тесттің компьютерлік нұсқасын брондау жағдайында жаңа тіркеу 24 сағатқа жарамды. Сіз жаңа тест күнін брондағаннан кейін 24 сағат ішінде компьютерлік тестке тіркелудің жойылғаны туралы хабарлама аласыз.
  • Жаңа тіркеу жойылады, біз сіздің алдыңғы тіркеуді жаңа күн мен уақытқа ауыстырамыз.
  • Сіз жаңа тіркеудің жойылғаны туралы және ескі тіркеудің ауыстырылуы туралы хабарламалар аласыз.

Егер сіз тест тапсыруға қызығушылық танытпасаңыз, біз сізге толық қаражат қайтаруды ұсына аламыз.

Егер сіз төлемді онлайн жасаған болсаңыз (тіркеу процесінде банк картасы арқылы), қаражат қайтаруға өтініш беру үшін мына сілтеме бойынша қаражат қайтару нысанын толтырыңыз.

Егер сіз банк аударымы арқылы төлеген болсаңыз, ақшаны қайтаруға немесе емтихан күнін ауыстыруға өтінім нысанын, қаражатты алушының банктік деректемелері бар нысанды, банктік шот иесінің паспортының/жеке куәлігінің көшірмесін, сондай-ақ қажет болған жағдайда сенімхат нысанын (сенімхат нысаны А4 форматындағы парақта қолмен толтырылады , сіз үшінші тұлғаның шотына ақша аударғанын растайтындығыңызды, күні мен қолын көрсете отырып, Т. А. Ә.) толтырып, info@kz.britishcouncil.org электрондық поштасына жіберіңіз.

Сондай-ақ , бізде сіз бен сіздің балаларыңыз үшін үйден пайдалануға ыңғайлы көптеген тегін оқу және ойын-сауық ресурстарымыз бар.

Сізбен жақын арада кездесуді асыға күтеміз.

British Council Kazakhstan