«БізАлматы»  жобасының шеңберінде біз алты жаттықтырушы дайындадық, олар жергілікті билік органдарының өкілдеріне арнап сатылы тренингілер мен семинарлар өткізетін болады. Тренингілердің мақсаты – сенім-нанымы мен ұстанымы әр түрлі адамдар бір-бірінен үйреніп, тәжірибе алмаса алуы үшін, сондай-ақ әлеуметтік көшбасы болудағы және жергілікті әлеуметтік жобаларды басқарудағы машықтарын дамыта алуы үшін оларды біріктіру. Семинарларда жергілікті экономиканы дамыту және Алматыдағы жасампаздық және әлеуметтік кәсіпкерліктің орнықтылығын арттыру бойынша стартаптар талқыланатын болады. 

Атауы Мақсаты
Мен және сен : сәйкестендіру, мәдениет және сұхбат Өзіңіздің мәдениетіңіз бен жеке тұлғаңызды анық түсіну
Біз біргеміз Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және тәжірибе алмасу
Басым жобалар Басым жобаларды анықтауды үйрену
Жобаларды жоспарлау Қоғамдастықтың әлеуметтік қиыншылықтарымен тиімді күресу
Қоғамдық және тұлғааралық қатынастар Тұрақты және табысты азаматтық қоғамды құру
Жобаның пайдаланушы дерекқоры Жобаның мәнін қалай арттыруға болатынын түсіну

Қалалық бастамалар шеберханасы

«БізАлматы» жобасы аясында, Қалалық бастамалар шеберханасың сессияларына қатысу үшін, конкурс нәтижелері бойынша Алматы қаласының 75 белсенді тұрғыны іріктелген болатын. Қатысушылар интерактивті форматта әлеуметтік көшбасшылық, белсенді азаматтық жұмылдыру, тиімді коммуникация және әлеуметтік жобаларды жасау дағдылары бойынша фасилитациялық бағдарламалардан өтеді. Семинарларда жергілікті экономиканы дамыту және Алматыдағы креативті әрі әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақтылығын арттыру бойынша стартаптар талқыланады. 

Қалалық бастамалар шеберханасы бағдарламасы Британдық Кеңес тарапынан әлемнің 54 елінде, соның ішінде Еуропа, Азия, Америка және Африка елдерінде сәтті түрде қолданылып келе жатқан «Белсенді қала тұрғындары» бағдарламасына негізделген.

Қатысушылардың әлеуметтік жобаларды жасауға үйрену, қаланы жақсарту бойынша өз идеяларын ұсыну және оларды жетілдіру, сондай-ақ, шеберханалардың басқа да қатысушыларымен бірге жобалық командаларды құрып, өз жобаларын іске асыру мүмкіндігі бар. Бағдарлама аяқталысымен, командалар өздерінің әлеуметтік жобаларын іске қосу үшін, «БізАлматы» жобасының гранттарына (5 000 евроға дейін) өтінім бере алады.

Шеберхана Қазақстан мен Ұлыбританияда «Белсенді қала тұрғындары» бағдарламасы бойынша оқытудан өткен жоба фасилитаторларымен өткізіледі. Барлық фасилитаторлар 2017 жылы ашық конкурс барысында іріктелген тәжірибесі мол жаттықтырушылар болып табылады. 

Біздің жаттықтырушылар туралы көбірек біліңіз.

Өткен семинарлардың суреттерi: