2018 жылдан 2020 жылға дейін «БізАлматы» жобасының шеңберінде азаматтық жобаларды іске асыру үшін гранттар бөлінетін болады. Қаланың жекелеген орындарын жаңартуға немесе қайта құруға, бизнес-инкубаторларды, жаңа цифрлық технологияларды, көпшілікке арналған шығармашылық іс-шараларды өткізетін кеңістіктерді, жасампаздық хабтар мен жаңа әлеуметтік кәсіпорындарды құруға бағытталған жобалар қарастыруға қабылданады. 

Жеке тұлғалар, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдар қатысуға өтінім бере алады. Бұл орайда, егер өтінімді коммерциялық ұйым беретін болса, жобаның әлеуметтік құрамдасы болуға тиіс.