«БізАлматыз» жобалар конкурсының жеңімпаздары

26 сәуірде Алматыда «БізАлматыз» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форумы өтті. Іс-шараның барысында «БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздары жарияланды. 

Конкурс 2017 жылғы қарашада Алматы қаласын орнықты дамытуға арналған әлеуметтік және экономикалық жобаларға бастамашы болуға және іске асыруға қаланың тұрғындарын тарту мақсатында жарияланған болатын. 

Конкурстың шеңберінде 130-ден астам өтінім түсті. Жеңімпаздардың әрқайсысы өздерінің жобаларын іске асыру үшін Еуропалық Одақтан 5 000 еуроға дейін алды.

«БізАлматы» жобалар конкурсының жеңімпаздар тізімі:

Жоба Сипаттамасы
Жанар Самбетова / Көгалдандыру мектебі Топырақты қорғау жолымен шаң шығаратын көздерді жою және жасыл жамылғыны ұлғайту. Жұмыскерлерді сараптама мен мониторинг мәселелеріне қатыстыру арқылы өсімдіктерді күтіп ұстау, көшелерді жинау мен жайғастыру бойынша жұмыстардың сапасын жақсарту.
Рахим Айбек / Tazalyk  Алматы қаласында тұратын халықтың экологиялық мәдениетін дамыту және қоқысты мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде (мектептер, жоғары оқу орындары, банктер, бизнес орталықтары) қайта өңдеу үшін қалдықтарды бөлек жинау ісін жолға қою
Вероника Насальская, Вячеслав Истюфеев / Қалалық Саунд-арт зертханасы Мегаполис тұрғындарының өзін әлеуметтік, мәдени, кәсіптік, ұлттық және жыныстық жағынан тұлға ретінде сезінуіне байланысты мәселелер ауқымына жұртшылықтың назарын аудару. ҚАЛАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ұғымын зерттеу, қазіргі заманғы өнер өрісіндегі өзекті тақырыптарды талдау. Қала ішілік процестерді дамытудың жаңа парадигмасын бірлесіп қалыптастыру мақсатында әлеуметке ықпал ету. Біртұтас қала қоғамдастығының тұрғыны ретіндегі өзінің мәртебесін түйсіну.
Асия Тулесова / «Мейірімді тоқыма» ЖК Қалалық ұйым пішініндегі “Мейірімді тоқыма” платформасын дамыту, ол жерде қаланың зейнеткерлері өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын көрмеге қояды және сатады, сондай-ақ қоғамның дамуы үшін маңызы бар машықтарды үйрететін сабақтар мен шеберлік дәрістерін ұсынады, ал бұл ұрпақтар арасына көпір тартуға мүмкіндік береді және барлық қатысушы топтарға (шеберлік дәрістерінің қатысушыларына және зейнеткерлер мен басқа бенефециарларға) пайда әкеледі.
Сергей Васильев / Алматы қаласының Қарасу ықшам ауданында экологиялық қоғамдастықты дамыту және «ақылды» қоғамдық кеңістік құру Алматы қаласының Қарасу ықшам ауданындағы көлді абаттандыру жолымен "ақылды" қоғамдық кеңістік құру және жергілікті экологиялық қоғамдастықты одан әрі дамыту.

Конкурс туралы

Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті жобалар конкурсының басталғаны туралы жариялады. Әр жобаға берілетін гранттың ең үлкен мөлшері 5 000 еуро. 

Жобаны Қазақстандағы Еуропа Одағы қаржыландырады. 

ФИНАЛШЫЛАРДЫ «БІЗАЛМАТЫЗ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАРДАН ТҰРАТЫН ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ТӨРТ ӨЛШЕМ БОЙЫНША ІРІКТЕДІ:

  1. Жобаның қала/қалалық қоғамдастық(тар) үшін қажеттілігі мен маңыздылығына айқын негіздеме беру, соның ішінде бенефициарлар мен негізгі мүдделі тұлғаларды айқындау;
  2. Қисынды түрде құрылған әрі ұғынықты жұмыс жоспары, бюджеттің ауқымында қол жеткізуге болатын міндеттер, өзіңіздің және (немесе) бұрыннан келе жатқан және жаңа серіктестеріңіздің ресурстарын тарту;
  3. Жұмыс жоспарымен жақсы байланыстырылған ақылға қонымды әрі үнемді бюджет;
  4. Жобаны кеңейтуге арналған әлеует және грант барысында және ол аяқталғаннан кейін жобаның орнықты дамуын көздейтін бизнес-жоспар өтінім берушілердің қаланың экономикалық және әлеуметтік басымдықтарымен байланысты салаларды таңдауына және азаматтардың мүдделеріне бағдар алған тәсілдемені паш етуіне мүмкіндік береді.