Сұхбат жүргізілетін платформа жергілікті билік органдарына, қоғамдық ұйымдар мен жекеменшік секторға арналған форумдар тізбегі болып табылады.

Форумдар кәсіби, зияткерлік және техникалық мәселелер (мысалы, өмір сүруге қолайлы қала дегеніміз не; әлеуметтік тұрғыдан жанашыр әрі хабардар кәсіпкерлік экожүйені құру; әлеуметтік инвестициялық үлгілердің сипаты мен құндылығы; «ақылды қалалар» мен «ақылды азаматтарға» арналған технологияларды әзірлеу) бойынша білімді тереңдетуге және ортақтасуға бағытталады. Мәселелерді форумдарда талқылаудың нәтижесінде қоғамдық ұйымдар, жергілікті билік органдары мен жекеменшік сектор Алматыны «ақылды қала» ретінде дамыту жөніндегі бастамаларды іске асырудың бірлескен жолын таба алады деп күтіледі. 

Өткен форумдарының суреттері мен мәліметтері төменде берілген:

Форум №1: «Алматы қаласын дамытуға қала тұрғындарын қатыстыру мәдениетін тарату»

British Council ұйымы Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ), Алматы қаласын дамыту орталығымен (АДО) және Алматы қаласының әкімдігімен серіктестік шеңберінде бір күндік «БізАлматы» форумын ұйымдастырады. Форум 22 қыркүйекте ҚБТУ-да өтті. 

Үш жылдық «БізАлматы» жобасының шеңберіндегі бір күндік форум азаматтық қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру үшін билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және белсенді азаматтардың арасында сұхбат орнату мақсатында өткізіледі. 

Жоба Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. 

Форум №2: «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік»

30 қарашада Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті Еуропалық Кеңестің қолдауымен ұйымдастырылған  «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік» тақырыбындағы сұхбат алаңы пішімінде «БізАлматы» жобасының екінші форумын өткізді.

Сұхбат алаңының мақсаты: билік өкілдерінің, азаматтық қоғам мен бизнес-сектор өкілдерінің арасында қаланы дамыту және «жасыл дәліз» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша сұхбат орнату.

Жоба Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. Талқылау хаттамасымен мына жерде танысуға болады.

Форум №3: «Smart City: тиімді шешімдер, стейкхолдерлердің қатысуы және қала тұрғындарын тарту»

15 ақпанда Британдық Кеңес Қазақстан-Британ техникалық университетімен, Алматы қаласын дамыту орталығымен, Алматы қаласының әкімдігімен және URBAN FORUM ALMATY ұйымымен бірлесе отырып сізді «Smart City: тиімді шешімдер, стейкхолдерлердің қатысуы және қала тұрғындарын тарту» атты сұхбат алаңын өткізді.

Сұхбат алаңы үш жылдық «БізАлматы» жобасының шеңберінде өткізіледі, жобаның мақсаты –  қала тұрғындарының өздерін қатыстыра отырып Алматыны «қала тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін жайлы, халықаралық деңгейдегі заманауи қалаға» айналдыру  үшін билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және белсенді азаматтардың арасында сұхбат орнату. 

БАҒДАРЛАМА 

Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады. Пост-хабарламамен мына жерде танысуға болады.

Сіз сондай-ақ «Ақылды қала» бағдарламасын іске асыруға азаматтық қоғамның қатысуы есептемен таңыса аласыз.

Форум №4: Алматы қаласының Бас жоспарының тұжырымдамасын құру

2018 жылғы 26 сәуірде Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті  «БізАлматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы төртінші форумды өткізді.

Форумның мақсаты: Бас жоспардың тұжырымын әзірлеген кезде қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың басым бағыттарын айқындау.

Форумның бағдарламасын мына жерде  және пресс-релизін мына жерде жүктеп алыңыз.

Форум №5: Қалалық ортаны жасаудағы креативті хабтардың рөлі. Placemaking

2018 жылғы 21 шілдеде Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті «БізАлматы» жобасының «Қалалық ортаны жасаудағы креативті хабтардың рөлі. Placemaking» тақырыбындағы бесінші форумды өткізді

Аталған форум, Алматыда креативті экономиканың дамуы табысты қалалық кеңістіктердің құрылуына қалай әсер ете алатынын талқылауға арналған.

Форумның бағдарламасын мына жерде жүктеп алыңыз.

Форум №6: «Алматы қаласының көлік жүйесін дамыту стратегиясы»

2018 жылғы 20 қазанда Британдық Кеңес, Алматы қаласының Әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті сізді «БізАлматы» жобасының «Алматының жалпы бас жоспарын әзірлеу» тақырыбындағы алтыншы форумын өткізді.  

Форумның мақсаты: Бас жоспардың тұжырымын әзірлеген кезде қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың басым бағыттарын айқындау.

Форум бағдарламасын мына жерде жүктеп алаңыз.

Форум №7: «Алматының ерекшелігі және туристік бренді»

Өткізілетін орны: Алматы қаласының туристік хабы (Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы, Абай көшесі, 44, Байтұрсынов жағынан кіру).

Бейсенбі, 24 қаңтар 2019 жыл.

Алматылықтар деген кімдер? Алматы қандай қала? Туристі қызықтыру үшін оның ерекшелігін қалай зерделеп көрсетуге болады? Алматы бредингін қалай жылжытып, оны танымал етуге болады?

Форумның соңғы қорытындысы: Алматы туристік брендін жылжыту бойынша жұмыс тобын қалай құруға болады?